Организация работы с документами это организация документооборота, хранения и использования документов в текущей деятельности организации, предприятия



бет2/4
Дата21.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#85438
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
"Жеке құрам бойынша құжаттар"

Мінездеме

  • Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
  • Мінездеме- қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілетті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады.
  • Мінездеме басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі. Оны: жұмыскер болса кадрлар бөлімінің маманы немесе басшысы жазады; оқушы болса – топ жетекшісі (кураторы) жазады, сол оқу орнының басшысы қол қояды.
  • Мінездеме А4 бланкісінде толтырады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мәтіні компьютерде теріліп жазылады. Мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме 2 дана етіп дайындалады.
  • Мінездеме
  • Мінездеменің мәтіні 4 бөлімнен тұрады:
  • Бірінші бөлім- анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі т.б.).
  • Екінші бөлімде- еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандығы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б) және басқа еңбегіне берілген баға жазылады.
  • Үшінші бөлімінде- қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға баріледі.
  • Қорытынды бөлімде- тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.
  • Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
  • Құжаттың атауы;
  • Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметтер (аты-жөні, туған күні, айы, жылы, білімі);
  • Атқаратын еңбегі жайлы мәліметтер; (оқушы болса қашаннан бері оқиды, мамандығы)
  • Іскерлік және адамгершілік қасиеттері жайлы мәліметтер;
  • Қорытынды бөлім;
  • Мінездеменің не үшін және қайда берілетіндігі жайлы мәліметтер;
  • Мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы; күні.
  • МІНЕЗДЕМЕ
  • Ахметкалиева Толғанай Кенжешқызы 21.11.1997 жылы туған. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Білімі – арнайы орта.
  • Ахметкалиева Толғанай Кенжешқызы 2015 жылы Семей сервис колледжіне «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2017 жылы бітірді.
  • Толғанай колледжде оқыған кезде өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Барлық пәндерді жақсы меңгерді.
  • Колледжде өткен іс-шараларға үнемі белсене қатысты. Дербес компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Орталық мемлекеттік мұрағатта іс-тәжірибеден өту кезінде жоғары деңгейдегі дайындығы мен өзінің жан-жақтылығын байқатты. Өзіне берілген тапсырмаларды мұқият, тиянақты орындауға тырысатын.
  • Мінезі салмақты, ашық. Достарының арасында беделді. Үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсете біледі, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.
  • Кәсіптік дайындық деңгейін ескере отырып Ахметкалиева Толғанай білікті де білімді, іскер маман болатындығына сенемін.
  • Колледж директоры А.Б.Хожанова
  • Топ жетекшісі А.А.Аблахатова
  • 29.06.2020ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет