Организмге антигендер әсер еткенде гуморальды иммунитеттің жүйесі белсенеді және мес жасушаларына бекітілген е классындағы антиденелер түзіледі


Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады



бет2/3
Дата07.01.2023
өлшемі1,61 Mb.
#60566
1   2   3

Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады

  • Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
  • Әсер ету механизмі: Аденилатциклазаны белсендіреді, цитоплазмада Са2+ мөлшері төмендейді, сондықтан аллергия медиаторының бөлінуі төмендейді.
  • Эфедрин (симпатомиметик) Бронхиалды демікпенің жеңіл түрлерінде қолданады.
  • Адреномиметиктердің жанама әсерлері: гипертония, тахикардия, ОНЖ белсенуі.
  • Аллергиялық бронхоспазмды басу үшін ингаляционды β2-адреномиметиктерді қолданады - сальбутамол, тербуталин, фенотерол

Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді.

  • Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді.
  • Ол мес жасушасынан аллергия медиаторларының босап шығуына кедергі жасайды
  • Қолданылуы: бронхиалды демікпенің ентікпесінің жиілігін азайту үшін, астматикалық бронхитте, пневмосклерозда қолданады.
  • Жанама әсерлері: жөтел, ауызды кептірү, дерматиттер, миозиттер, гипоацидті жағдайлар, гастроэнтерит, аллергия.

Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат

  • Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат
  • Гистамин қан-тамырларды кеңейтеді, олардың өткізгіштігін жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтардың тонусын жоғарылатады. Бұл әсерлер гистаминді Н1-рецепторлардың ынталануында байқалады.
  • Н1-рецепторларды тежейтін заттарды аллергиялық реакциялар кезінде қолданады— есекжем, тері қышымасы, аллергиялық конъюнктивит, ангионевротикалық ісік ( Квинке ісігі), вазомоторлы ринит және т.б. ОНЖ-не өтетін Н1-рецепторларының блокаторлары әсер көрсетеді.
  • Жіктемесі
  • I ұрпақты: дифенгидрамин, клемастин, прометазин, хлоропирамин
  • II ұрпақты: астемизол, терфенадин
  • III ұрпақты: ұрпақты азеластин, лоратадин
  • Дифенгидрамин (димедрол) орталықты және шеткері Н1-рецепторлар- ды тежейді; аллергиялық реакцияларды айқын жеңілдетеді. Әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат. Седативты, ұйықтатқыш әсер көрсетеді, вестибулярлы аппараттың орталықты тізбегінің қозуын төмендетеді.
  • Қолдану көрсеткіштері: Есекжем, қышыма, поллиноздар, ангионевротикалық ісік, құрт-құмырсқаның шағуы, дәріге аллергия болғанда, сарысулы ауру. Сонымен қатар ұйықтатқыш зат ретінде және қозғалыс ауруларының (теңіз және ауалық аурулар) алдын алу үшін қолданады.
  • Жанама әсерлері: қысқа уақытты жансыздану, ауыздың шырышты қабатының құрғауы, ұйқышылдық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеу, лоқсу. Балаларда үлкен мөлшерде қолданған кезде қозғалыстық және психикалық қозулар, ұйқысыздық, тырысулар.
  • Клемастин (тавегил) димедролдан ұзақ уақыт (12 сағаттай) әсер етуімен ерекшелінеді. Белсенділігі жоғары және ұйқышылдықты туғызбайды.
  • Прометазин (дипразин, пипольфен) – Өте жоғары әсерлі аллергияға қарсы препарат. Әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат.
  • Хлоропирамин (супрастин) аллергияға қарсы әсерінен басқа спазмолитикалық қасиеті бар.
  • Жоғарыда айтылған препараттардың қолайсыз седативті және ұйықтатқыш әсерлерін ескере отырып,
  • II ұрпақты— астемизол, терфенадин антигистаминді препараттар шығарылған
  • кейіннен — III ұрпақты препараттаразеластин, лоратадин (кларитин) шығарылды.
  • Олардың I ұрпақты антигистаминді препараттардан ерекшелігі ОНЖ тежемейді және аллергияға қарсы әсері ұзаққа созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет