Органогенез



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі55,96 Kb.
#11799
1   2   3   4
Байланысты:
онтенез

Эктодерма Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми жәнежұлын, т.б.)

Мезодерма Өзге жүйе мүшелері:бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан.Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері

Энтодерма Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек,өңеш, т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр,ұйқыбез, калқанша без,гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі:өкпе, кеңірдек,ауатамыр және т. б.

Бұл бір қарағанда ешқандай маңызсыз сөздер тізбегі тәрізді болып көрінеді. Әрине жүйке жүйесінің сүт бездері және эктодермадағытерімен бірге берілуі мүмкін емес тәрізді. Тынысалу жүйесінің энтодермадағы асқорытумен бүйректің сүйектермен жәнемезодермадағы жүрекпен бірге берілуі де түсініксіз. Алайда өкінудін, және осылардың барлығын сөзбесөз жаттап алуға талпынудың қажеті жоқ. Ұрық жапырақшаларының теориясында қарапайымэволюциялық қисын көрсетілген. Тірі ағзалардың тарихи қалыптасуы қалай болғанын түсініп, еске түсірсе ғана болғаны, сонда барлығы бірден өз орнына келеді.


Эмбриогенез факторлары

Ұрықтың дамуына сыртқы да, ішкі де көптеген факторлар әсер етеді.Радиация, иондағыш сәулелену, уландырғыш заттардың әсері өте қауіпті. Алкоголь, никотин, кептеген дәрі-дәрмектер қабылдаудан адам мен жануарларда туа пайда болатын дерттерді дамытуы мүмкін. Бұдан басқа дамып келе жатқан ұрық бөлігі өзара химиялык әсерлесіп, біріне-бірі өзара ықпал ететіні дәлелденді. Қосмекенділердің бөлшектену кезіндегі жұмыртқажасушаларына өте көп сынақтәжірибелер жасалды. Өйткені бұл жануарлардың уылдырықтары аналық ағзасынан тысқары дамиды және әкқабығы (скорлупа) жоқ. Бөлшектенуге сперматозоид және ұрықтану болмаса да жағдай жасауға болады. Ол үшін жұмыртқа жасушасын жіңішке инемен тесуге немесе химиялық әрекет жасаса, жеткілікті. Екібластомерден тұратын ерте бластула сатысындағы бластомерлердібелуге болады. Олардан толық жарамды ағзалар жарып шығады. Алайда бластомердің біреуін өлтірсе, бірақ екіншісінен бөліп алмаса, онда тұтастай тірі қалған бластомерден тіршілік ете алмайтын итшабактың жарты денесі ғана пайда болады. Осы және көптеген басқа сынақтәжірибелер ғалымдардың ұрықтық даму заңдылығын анықтап, адамға арналған екіқабаттық гигиенасының негізіне жататын кағида жасауға мүмкіндік берді.


Даму үрдісінде кездесетін биологиялық терминдер
Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos — жыныс, жыныс клеткасы; genesis — шығу тегі) — жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жүмыртқалық) даму процесі.

Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез''деп атайды.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.

Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану —жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді.

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарынаайналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.

Бластоциста (blastocystis; грек, blastos — өскін және kystis — көпіршік) — адам мен сүтқоректі жануарлардың бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған, пішіні көпіршікке ұқсас ұрығы.

Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуыныңэмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Мұндай ұрықты — морула (лат. morum — тут ағашыныңжемісі, пішіні тут ағашы жемісіне ұқсас) дейді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сүйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады. Пішініне байланысты бластула әртүрлі жануарларда түрліше аталады: ланцетникте — целобластула (қуысты бластула), қос мекенділерде — амфибластула (қосмекенді бластуласы), бауырымен жоргалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салушы сүтқоректілерде — дискобластула (пішіні дөңгелек дискіге ұқсас бластула), басқа сүтқоректі жануарларда — бластоциста (стерробластула — көпіршікше бластула) деп аталады.

Бөлшектену — эмбриондьщ даму кезеңдерінін бірі. Оньщ нәтижесінде кеп жасушалы үрық пайда болады. [8]

Қортынды

Онтогенез — бір тірі ағзаның ұрық біте бастағаннан өлгенге дейінгі даму үдерісі. Онтогенез екіге бөлінеді: эмбриогенез (тууға дейінгі тіршілік) жөне постэмбриогенез (туу соңынан кейінгі тіршілік).

Органогенез — мүшелердің түзілу үдерісі.

Адамның, барлық омыртқалы жануарлардың жөне кейбір омыртқасыз жәндіктердің ұрығы реттеліп дамиды. Яғни ұрық денесінің қай бөлігі қай жасушалардан дамитыны кештеу сатыларда (гаструлаларда) анықталады және қоршаған ұрықтық жасушалардың өзара өрекеттесуіне төуелді болады. Бұдан езге ұрықтың теңбілді даму типінің жолы бар, мұнда дененің қай бөлігі қандай жасушадан дамитыны 2-немесе 4-ұрықтық жасушалар сатыларында анықталып та қойған.

Ф.Мюллер және Э.Геккель 1864 жылы биогенетикалъщ заңды: «Онтогенез қысқа жөне тез қайталаған филогенез» деп тұжырымдады. Ұрық өз түрінің эволюциясын қысқа қайталағандай болып, жүйелік топтардың ататектік ұрықтық сатыларын қайталайды деген дөлелдемелер өте көп.
Тақырып. Онтогенездің генетикалық негіздері. Жіктелудің (дифференцировканың) генетикалық негіздері. Онтогенездегі хромосомдардың функциональдық өзгерісі. Онтогенезді меңгеру. Онтогенездің дискреттілігі.
Лекция жоспары:

1. Онтогенездің генетикалық негіздері.

2. Дифференцировканың генетикалық негіздері.

3. Алғашқы жіктелу.

4. Жіктелудің генетикалық механизмдері.

5. Геннің әрекеті.

6. Онтогенетикалық адаптация.

7. Онтогенездін дискреттілігі (оқшаулығы).

Лекция мақсаты: Студенттерге онтогенез және ондағы жіктелудің генетикалық негіздері және генетикалық механизмдері, геннің әрекеті, онтогенетикалық адаптация, онтогенездің дискреттілігі туралы түсініктер беру.

Лекция мәтіні:

1. Организмнің жеке дамуы, яғни онтогенез – биология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады Диаметрі небары 130–140 микрон, ал салмағы 0,0015 мг адамның жұмырқа клеткасынан ұрықтанғаннан кейін салмағы шамамен 3 кг–дай адам баласы дамиды. Содан біраз күндер, айлар, жылдар өткеннен кейін адам өзін қоршаған дүниені танып, оны өзгерте алу қабілетіне ие болады. Табиғаттың бұл ғажайып жұмбағын шешу үшін ғалымдар организмнің даму процесінің генетикалық заңдылықтарын зерттеуде.

Жеке организмнің дамуы әрқашан ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан басталады. Сонда жұмыртқа жасушасында немесе сперматозоидта болашақ ағзаның белгілері дайын күйінде сақталып тұрмайды. Оларда тек оның дамуының бағдарламасы болып және ол бағдарлама белгілі қолайлы бір ішкі және сыртқы орта жағдайларында ғана жүзеге асады.

Сөйтіп, онтогенез деген ұғымға жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап, ағза өз тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі жатады. Онтогенездің тұқым қуалау негіздерін зерттейтін генетиканың саласын онтогенетика деп атайды.

2. Көп клеткалы ағзаның жеке дамуының және өсуінің негізінде клеткалардың митоздық бөлінуі жатады. Ағзаның әртүрлі ұлпаларының, атап айтқанда бұлшықеттің, терінің, бауырдың тағы басқа мүшелердің жасушаларының бөліну жолдары бірдей, яғни митоздық жолмен бөлінеді, соған байланысты олардың генотиптері де ұқсас болуы керек. Ол бұлай болған жағдайда онтогенез барысында ұлпалар мен жасушалардың жіктелуінің генетикалық механизмі қандай деген сұрақ туады? Мұндай күрделі сұраққа жауап бере алатын тек онтогенетика.

Онтогенезді генетикалық тұрғыдан зерттеу белгінің қалыптасуына геннің тигізетін әсеріне талдау жасаудан басталады. Ол бір ген бір белгі деген принципте жүргізіледі. Бұл мәселені соңғы деректер тұрғысынан былайша жазуға болады: ген - ДНҚ (РНҚ) - ақуыз -.....белгі.

3. Ағзалардың онтогенезі кезінде өсу, ұлпалардың жіктелуі және морфогенез, яғни мүшелердің қалыптасуы сияқты процестер жүреді. Жануарларда алғашқы морфологиялық жіктелу жұмыртқа жасушаның цитоплазмасы мен оның үстіңгі қабатының (кортекстің) құрылымына байланысты болады.

Мұның дәлелі ретінде, мысалы кейбір омыртқасыздар мен қосмекенділердің ядросыз жұмырқаларының өзі бластула сатысына дейін даму қабілетін сақтай алады. Кортекстің өзі дискретті (оқшау) түрде қызмет атқара алады. Оның эктодерма, мезодерма және гаструляция процесі басталатын зоналары болады. Сонымен жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дейін де жіктеледі. Жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін одан әрі тағы да жіктеледі, соның негізінде ұрық дамиды. Сөйтіп жұмыртқа жасушасының қалыптасуына аналық диплоидты ағзадағы барлық гендердің жиынтығы қатысады. Ал мейоздік бөлінуден кейін онда хромосомалардың гаплоидты жиынтығы ғана сақталады. Сонымен қатар диплоидты аналық ағзада түзілген гендік өнімдер цитоплазмада да болады және олар жұмыртқа жасушасының дамуының алғашқы кезеңін қамтамасыз етеді. Себебі, цитоплазмада аналық ағза алдын-ала әзірленген, ұрықтың дамуына қажетті ақуыздың синтезіне матрица болып есептелетін ДНҚ мен ақпаратты РНҚ болады. Сөйтіп, жасушаның кейбір цитоплазмалық органоидтарының өзінде тұқым қуалайтын ақпаратты алып жүре алатын, ядролық нуклеин қышқылдары сияқты ДНҚ , РНҚ–лар кездеседі.

Нағыз онтогенез ұрықтанудан басталады, аталық ағзадан келген гендер де сол сәттен бастап қызмет атқара бастайды.

Егер гендер бүкіл онтогенезді, яғни ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің қалыптасуын бақылап отырады десек, дамудың әртүрлі кезеңдерінде бір мезгілде бүкіл гендер ме, не болмаса олардың кейбіреулері ғана қызмет атқара ма және ол немен аяқталады деген сұрақтар туады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін мынадай тәжірибелердің нәтижесін келтіруге болады. Бақаның жұмыртқа жасушасының ядросын алып тастап, оның орнына микропипетканың көмегімен дамудың соңғы сатысындағы (бластула, гаструла сияқты) ұрық жасушасының ядросы салынған жағдайда егер донор жасушасының ядросы жіктелу процесін өткерген болса, онда оны алмастырып салғанда реципиент (қабылдап алушы) – жұмыртқадан қалыпты ұрық дамымайды. Ал егер донор жасушасының ядросы жіктелмеген болса, онда реципиент жұмыртқа жасушасынан қалыпты ұрық дами алады. Бұдан гаструляция кезінде ядроның жіктелетіндігін және оның қайтымсыз процесс екендігін көреміз. Ал мұнан шығатын қорытынды: дамудың әр кезеңінде белгілі бір арнаулы гендер ғана қызмет атқара алады.

Одан әрі қарай ұпалардың арасында индукциялық байланыс туады, яғни бір ұлпа екінші ұлпаның дамуына әсер етеді. Мысалы: омыртқалыларда хорданың бастамасы гастуляцияның барысында эктодермоның белгілі бір бөлімімен байланысады, соның нәтижесінде эпидермалды жасушалар эктодерманың басқа бөлімдері сияқты тері эпителиясына жіктелмейді, жүйке жүйесіне жіктеледі.

4. Қазіргі кезде генетиктердің алдында тұрған маңызды бір мәселе жасушаның жіктелуінің генетикалық механизмдерін анықтау. Митоз процесінің нәтижесінде ағзадағы барлық жасушалар хромосомалардың барлық жиынтығын ала алатындығы белгілі. Бірақ ересек ағза жасушасының құрылымдары мен қызметтері бірдей болмайды. Оған дәлел, мысалы өсімдік жапырақтарында хлорофилл, ал күлте жапырақ жасушаларында антоцион т.б. пигменттер синтезделеді. Ал осы жасушалардағы заттардың синтезделу белсенділігінің жіктелуі қалай реттеледі дейтін болсақ, ол әртүрлі жасушалардағы түрлі гендердің белсенділігіне байланысты.

Бактерия жасушаларында бірдей мезгілде белсеніп, қажетті ферменттердің комплексін жасап шығара алатын гендер тобы бар хромосома табылған. Бұл сол бактерия өсетін ортада белгілі бір қоректік зат, мысалы қант болғанда ғана пайда болады. Осы тәжірибенің негізінде 50-ші жылдардың аяғында француз ғалымдары Жакоб пен Моно клеткадағы гендер активтілігінің реттелу механизмінің схемасын жасады. Ол схема үш түрлі гендерден тұрады. Олар: ақуыз ферменттердің синтездеріне жауап беретін құрылымдық гендер, ген оператор және реттеуші ген. Ген оператор және онымен тығыз байланысты болып келген құрылымдық гендерді бірге қосып оперон деп атайды. Индукция жағдайында реттеуші ген ақуыз–репрессор жасап шығарады. Ол ген операторға келіп, оперонның қызметін бөгейді. Бірақ жасушада белгілі бір метаболит (зат алмасу өнімі) жинақталып, ақуыз-репрессорға қосылып, оны ген оператордан ажыратып алады, сөйтіп оперонға жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Ал репрессия жағдайында ақуыз–репрессор бос күйінде өздігінен ген операторға әсер ете алмайды. Оған белгілі бір метаболит қосылғанда барып оперонның жұмысына бөгет бола алады, соның салдарынан синтез тоқталады.

5. Онтогенетиканың негізгі проблемасы белгінің қалыптасуына геннің тигізетін әсеріне талдау жасау және ген-белгі тізбегіндегі аралық звеноларды тауып фенотип өзгереді. Мұны микроорганизмдермен жүргізілген тәжірибеден көруге болады. Мысалы, нейроспорада болатын никотин қышқылының синтезделуіне зерттеу жүргізгенде оның кейбір мутантты формаларының бұл қышқылды синтездеуге қабілетінің болмайтындығы анықталған. Ал никотин қышқылы синтезінің өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Содан мутацияның әсерінен соның біреуінде генетикалық кедергі болған.

Биохимиялық жіктелу әрқашанда морфологиялық жіктелудің алдында жүреді. Сондықтан әрекетінің бастапқы биохимиялық кезеңін зерттеу өте күрделі болғанымен ген қызметінің механизмін түсіндірудің бірден-бір дұрыс жолы болып есептеледі.

Морфогенез және әрбір ұлпалар мен органдардың жіктелуі біртұтас жүйе болып организмнің басқа ұлпаларымен байланысты болады. Сондықтан кез-келген ұлпаның жіктелуін оның басқа ұлпалармен күрделі қарым-қатынаста болуының нәтижесі деп қарастыруға болады. Мысалы, тышқандарда тапалдық (карлик) мутация кездеседі. Зерттей келгенде олардың тапал болуының себебі гипофиздің өсу гормоны питуитринді жасап шығара алмайтындығына байланысты екендігі анықталған.

Сонда бұл жағдайда тапалдықты анықтайтын геннің әсерінен алдымен гипофиздың секторлық клеткалары дұрыс дамымайды. Соның салдарынан бойдың өсу қарқыны баяулайды. Егер жаңа туған тапал тышқанның баласына гипофиздің экстрактын жіберсе, онда оның бойы қалыпты болып өседі. Сөйтіп онтогенезді қолдан реттеп отыруға болады. Мысалы, түрлі витаминдердің көмегімен жануардың, сол сияқты түрлі препараттардың көмегімен өсімдіктердің өсіп дамуын реттеуге болады.

Мутантты геннің өзі әртүрлі организмде түрліше эффект көрсетуі мүмкін. Ол онтогенез процесі жүретін сыртқы орта жағдайларына және генотипке байланысты нәрсе. Геннің фенотиптік көрінісі, яғни белгінің айқын көріну дәрежесі әртүрлі болып келеді. Бұл құбылысты экспрессивтілік деп атайды. Мысалы, тауықтарда рецессивті “қалшылдауық” (дрожанка) мутация кездеседі.

Осы мутация бойынша гомозиготалы балапандардың арасынан қалшылдауықтың аз білінетінін немесе айқын білінетінін кездестіруге болады. Және осы белгі біреулерінде бар болғанымен басқаларында мүлдем болмауы мүмкін. Бұл құбылыс пенетранттылық деп аталады. Экспрессивтілік пен пенетранттылық генотип құрамындағы гендердің өзара әрекеттесуіне және генотиптің сыртқы орта факторларына әртүрлі жауап беруіне байланысты.

6. Ортаға бейімделу - тіршіліктің барлық формаларына тән қасиет. Бейімделу барысында организмнің болсын, клетканың болсын функциональдық қасиеті өзгереді. Организмнің жеке дамуы барысында өзін қоршаған сыртқы орта жағдайларына бейімделу қабілетін онтогенетикалық адаптация дейді. Организм онтогенез барысында тұрақты болып тұратын және өзгеріп отыратын факторларға да бейімделе алады. Онтогенетикалық адаптацияның өзін ұлпалық, клеткалық және организмдік деп бөледі. Клеткалық немесе ұлпалық адаптацияға мысалы, бақаның бұлшық етін жеке бөліп алып, жоғары температураға апарып қойса оның клеткаларында белоктың денатурациясына төзімділік қасиеті пайда болады. Сол сияқты инфузорияны улы ертінділерде немесе жоғары температурада өсірсе кейін соған төзімділігі артады.

Онтогенетикалық адаптацияны көп клеткалардан, соның ішінде жануардан анығырақ байқауға болады. Оны ең алдымен организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұратын физиологиялық күйі басқарып отырады. Көп клеткалы организмде басқа да бейімделу механизмдері бар.

Мысалы иммунитет, яғни организмнің өзінде бар иммунологиялық қасиетті инфекцияға қарсы жұмсауы да онтогенездегі аса маңызды адаптациялық механизмге жатады. Жануардың мінез-құлқының да олардың ортаға бейімделуіне қатысы бар. Сондықтан мінез-құлыққа генетикалық, физиологиялық тұрғыдан анализ жасаудың онтогенезді зерттеуге тікелей қатысы бар.

Эволюция процесінде жануарларда да сыртқы шартты рефлекстер арқылы бейімделу механизмі пайда болған. Жануарларда шартты рефлекстердің пайда болу мүмкіндігінің өзі генотип арқылы анықталады. Ол жануарларда туғаннан бастап-ақ қалыптаса бастайды, яғни олар өзі қабылдай алатын сыртқы тітіргендіргіштердің бәріне де жауап береді. Мысалы, араларда өсімдіктің түсіне, иісіне шартты рефлекс жасалады. Егер оларды бір көк түсті тақтайшаның қасына қоректенуге дағдыландырса, олар адаспай сол жерге келіп тұрады, ал тақтайшаны басқа бір жерге ауыстырып қойса, олар оны тез арада тауып алады.

Белгілі бір шартты рефлексті бірнеше буын бойы қайталап отыру арқылы сондай шартты рефлекске тән генотипті сұрыптап алуға болады. Мысалы, тышқандарда ұзақ уақыт бойы қалыптасқан оңға бұрылып қозғалу шартты рефлексін сұрыптап алу арқылы генотипі тұрғысынан тек гені анотомиялық, физиологиялық жағынан да сәйкес келетін линиясын алуға болады. Соның нәтижесінде оларда оңға бұрылып қозғалу тұқым қуалайтын қасиетке айналады.

Жануарларда шартты рефлекспен қатар туа пайда болған шартсыз рефлекс те бар. Мысалы: барлық жануарлар ешбір үйретусіз-ақ өз ұрпақтарына қамқорлық жасайды, қоректендіреді. Сол сияқты тағы да басқа әрекеттер жасайды. Бұлар ата-анадан тұқым қуалап алған мінез-құлық типіне жатады, оны “инстинкт” дейді.

Онтогенетикалық адаптацияның механизмін түсіндіру үшін сигналдық тұқым қуалауды алуға болады. Мысалы, жұмыртқадан жаңа шыққан балапандар өз енесінің берген сигналдарын қабыл алады. Ал егер инкубатордан шыққан балапандарды тауыққа ертсе, олар оның сигналын қабыл алмайды. Бұл жағдайда енесі мен оның ұрпағының арасында сигналдық байланыс жоқ екенін көреміз. Сол сияқты егер кейбір әнші құстардың балапандары басқа құстардың ұясында өссе олардың дауысы сол кейінгі өгей ата-енелердің дауысына ұқсап кетеді.

Атақты генетик М.Е.Лобашев ата-анадан ұрпаққа берілетін информацияның бұл формасы, яғни сигналдық информация тұқым қуалаушылыққа жатпайды, себебі ол ген арқылы анықталмайды. Бірақ организмнің сигналдық қабылдау қабілеті тұқым қуалайтын қасиет, соған байланысты шартты түрде сигналдық тұқым қуалайды деуге де болады. Мұның жануарлар эволюциясында маңызы зор деген.

Сигналдық тұқым қуалаудың жас ұрпақты оқытып тәрбиелеудегі ролі де жоғарғы бағаланады.

7. Онтогенез барысында организм біртұтас система болып тіршілік етеді. Сондықтан қандай болмасын құрылым мен функциялар бір-біріне тығыз байланысты. Дегенмен онтогенез барысында оқшаулылық, яғни дискреттілігі байқалады. Бұл жағдайда жеке даму процесі бір қалыпты өтпей өсу мен дамудың сипаты өзгеріп отырады. Мысалы, өсімдіктердегі даму стадияларын алуға болады.

Бірінші яровизация стадиясы - ол тұқым өне бастағаннан басталады. Бұл кезде организм үшін қажетті негізгі фактор температура болып есептеледі. Мысалы, жаздық бидай бұл стадиядан 5-12 температурада 7-15 күнге, ал күздік бидай 0-10 температурада 30-70 күнге өтеді.

Келесі жарық стадиясы. Бұл стадияда дамуды анықтайтын басты фактор жарық, яғни күн ұзақтығы. Мысалы, жүгері, мақта сияқты өсімдіктер қысқы күнде өсетін, ал қара бидай, брюква т.б. ұзақ күн өсімдіктеріне жатады. Егер өсімдік яровизация стадиясында тиісті температура алмай, белгілі бір жарық режимінде өссе, ол өзінің дамуын толық аяқтай алмайды. Стадиялық өзгерістер міндетті түрде бірінен-соң бірі кезектесіп келеді, жарық стадиясы тек яровизация стадиясынан соң жүреді.

Онтогенездің дискреттілігі дамудың кейбір құбылмалы кезеңдерінде де (критический период) байқалады. “Құбылмалы кезең” деген ұғым тұтас организмге емес белгілі бір органдар мен ұлпаларға тән. Кез-келген орган бұл кезеңге морфогенез процесі қарқынды түрде жүріп жатқан кезде кезігеді. Және дәл сол кезде ол сол сияқты орта факторларына сезімтал келеді. Сондықтан сыртқы факторлар құбылмалы кезеңде түрін оп-оңай фенотиптік өзгеріске ұшырата алады.

Жеке дамудың белгілі бір кезеңінде организмге сыртқы орта факторының әсер етуінен пайда болатын тұқым қуалайтын фенотиптік өзгерістерді морфоз деп атайды. Кейбір морфоздар мутацияға өте ұқсас болып келеді, оның фенокопия дейді.



Мысалы, дрозофила шыбындары личинкаларының дамуының құбылмалы кезеңінде химиялық мутагенмен не температурамен әсер ету арқылы қанаттарының тілігі бар, яғни морфозға ұшыраған ұрпақтар алуға болады.

Күздің күнгі температураның төмендеуіне байланысты табиғатта фенокопиялық өзгерістер байқалады. Мысалы, өсімдіктердің жапырақтары сарғаяды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет