Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?» Оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.
Үнтаспадан терме тыңдау
презентация
Ортасы
Мынадай сұрақтарға жауап алу:
Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?
Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?
Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?
Қандай шаруалар істейді?
Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?
Баланы сіз жұмсағанда өз еркімен құлшына кірісіп кете ме, әлде зорлап жұмсайсыз ба?
Балаңызға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып аласыз ба? т.б.
Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады
«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,
- еңбегің жемісті болсын!
- еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- , өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- , «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
- еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!
- отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол
- ата-анаңның еңбегін бағалай біл
- еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте
- еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын
- еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!
- бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.
Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.