Орындаған : Жансолтанова А. А. Тобы : вс – 403. Тексерген



Дата17.10.2023
өлшемі20,13 Kb.
#116876

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы : Плазмидтер. Көптеген дәрілік төзімділік факторлары.


Орындаған : Жансолтанова А.А.
Тобы : ВС – 403.
Тексерген : Тастемирова Ш.А.


Семей 2016


ПЛАЗМИДТЕР. КӨПТЕГЕН ДӘРІЛІК ТӨЗІМДІЛІК ФАКТОРЛАРЫ.
Генетикалық материалдар (ДНҚ молекуласы) эукариотты жасушалардың ядросында, ал прокариотты жасушалардың нуклеоидінде орналасады. Бактериялардың ДНҚ молекуласы мономерерден – нуклеотидтерден құралған, ұзын, қос жіпше тәрізді полимерлерден – полинуклеотидттерден тұрады. Генетикалық материалдары тек хромосомада ғана емес, сонымен қатар хромосомадан тыс орналасқан құрылымдарда – плазмидаларда да болады.
Плазмидтер — хромосомадан тыс тұқымқуалаушылык қасиеттер иесі. Торша хромосомасымен байланыспай өз алдына сақтала алатын генетикалық элементтер. Оларға торша органоидтарының генетикалық аппараттары және торша тіршілігіне катынасы жоқ тіркемдер топтары жатады. Плазмидтер – немесе эписомалар хромосомалардан тыс кездесетін генетикалық элементтер. Бұлар өздерінше тәуелсіз көбейе алатын ДНҚ молекулалары. Қазір П. 135 түрі сиаптталды. Ішек таяқшасы клеткасында белок тектес заттар – колициндер осы плазмидтердің бақылауымен түзіледі. Колициндер патоген бактериялардың тіршілігін басып тастай алады.Қейінгілердің ішінде көбірек зерттелгендері бактерия Плазмидтер, мысалы, антибиотиктер мен сульфаниламидтерге төзімділік факторы. Плазмидтер капшілігі сақиналы қостізбекті ДНҚ молекуласы түрінде болады м. с. 106—108. Плазмидтер тірі торшаларда көп тараған,олар генетикалық зерттеулерде қолданылады, мысалы олардың көмегімен кейбір гендер мен белоктар түзілуін бақылауға болады. Кейінгі жылдары гендік инженерияда бөтен ДНК тасымалдаушысы ретінде кеңінен қолданылады.Олар жасуша цитоплазмасында орналасады.
Қазіргі кезде бактерия плазмидаларының бірнеше түрі белгілі: бактериялардың коньюгациясына F-фактор; бактериялардың дәрілік заттарға төзімділігін бақылаушы R-фактор; бактериоциндердің (антибиотиктердің) түзілуін айқындайтын, бактериоциногендік (Col) фактор: энтеротоксин мен гемолизиннің түзілуін қамтамасыз етуші Ent және Hly плазмидалар; бактериялардың физикалық факторларына, ауыр металл тұздарына төзімділігін айқындайтын, олардың метаболизмін бақылаушы және т.б. плазмидалар.
Плазмидалар бактерияларыдың тіршілігіне қажетті генетикалық материал болып есептелмейді. Олар жасушалардың қосымша, яғни міндетті емес қызметтерді атқаруынактерия плазмидалары ығыса (элиминациялана) алады. Плазмида элиминациясы жасушаның негізгі қасиетіне еш әсер етпейді. Плазмидалар бактерия геномымен бірігіп, хромосоманың құрам бөлігіне айналып, синхронды түрде бөліне алады және қайтадан ажырап, хромосомаға тәуелсіз репликон ретінде бір жасушадан екінші бір жасушаға ауыса алады.
Барлық белгілі плазмидалар коньюгативті және коньюгативті емес деп бөлінеді. Коньюгативті плазмидалар өз ДНҚ-ын донор жасушасынан реципиент жасушасына коньюгация кезінде тасымалдайды. Ал коньгативті емес плазмидалардың мұндай қасиеттері болмайды. Сондай ақ плазмидалар трансдукция және жасушалардың бөліну кезінде де беріледі.
Бактериялық клетканың хромосомасына ене алатын плаз-мидтерді эписомалар деп атайды. Плазмидтер геномы оларды жеткізетін бактериялардың қасиеттерін анықтайды. Қасиеттері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ плазмидтер көп ретте бактериялардың ауыр металдардың тұздарына, антибиотиктерге және басқа агенттерге төзімділігін анықтайтын ферменттерді жасап шығаруға жауапты болады. Кейде олар бактериялардың ауру туғызғыштығын да анықтайды. Дәрі-дәрмектерге резистенттілікті анықтайтын плазмидтерді қысқартылған әріптермен белгілейді. Олар ішек таяқшасының бір мезгілде, мысалы, 10-нан астам антибиотиктерге төзімділігін анықтай алады. Жапонияда дизентерия аурулары терапиясында антибиотиктерді қолданудан кейін сипатталған ғажайып құбылысты олардың дәл осы қасиеттерімен түсіндіруге болады. Аурулар саны кенет кеміді де, содан соң қайтадан тез өсе бастады. Осы уақытта көптік төзімділік, яғни R-плазмидтері бар бактериялардың кездесу жиілігі де артты. Резистенттілікті қамтамасыз ететін механизмплазмидтердің антибиотиктерді бұзатын немесе инактивтендіретін фермент синтезін детерминациалау иемесе клетканың өткізгіштігін оған антибиотик енбейтіндей етіп өзгерту қабілетімен анықталады. Плазмидтер молекулалық массасы 1-108 Д-дан аспайтын цир-кулярлық формасы бар ДНК молекулаларынан тұрады. Плазмид реципиент клеткасына бір созынды ДНҚ түрінде беріледі де, онда клетка мембранасына бекітілген күйінде екі еселенеді. Осыдан кейін оның жабысқақ ұштары шеңбер жасай жабысады да, едәуір күрделі спиральданған құрылымға айналады. Әр түрлі плазмидтердің репликациясы хромосомалық ДНҚ репликациясы секілді тәуелсіз реттеледі: бұл белгілі бір жағдайларда клеткада белгілі бір плазмидтердің ғана талғамалы репликациялануына әкеп соғады.
Көптеген дәрілерге тұрақты фактор - R-фактор болып табылады.Оны жапандық зерттеушілермен 1955жылы дизентерия қоздырғышының штамынан табылған, бірден 4 препараттарға төзімді - сульфаниламинаға, стрептомицинаға, тетрациклинге және хлорамфениколға.
R-фактор( қарсыласу, дәріге) - антибиотиктерге және т. б. антибактерияларға яғни мына препараттарға (әсіресе аминогликозидтер, хлорамфениколға, эритромицинге, пенициллиндерге, тетрациклиндерге, сульфаниламидті препараттарға, тұзды сынап және т. б.) төзімділікті бақылайтын плазмида. Плазмиданың тұрақтылық механизмі бақылау - синтез ферменттер (мыс., b-лактамазы) болып табылады немесе ерімейтін антибиотикке арналған белсенді емес өнімдер, яғни клеткалық мембраналар арқылы көшіру кезінде тежелетін антибиотиктер (мысалы,., тетрациклинов).
R-фактор - типтік плазмида білдіретін екі түрлі анықталған ДНК жауапты гендері молекуласы бар. Олар өздігінен репликацияланатын және реципиент жасушанға резистентті көшіру – жекелеген гендер мен тұрақты RTF көшіру факторы.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • А.Бұлашев,Ө.Таубаев, Ж,Сұраншиев, К. Мырзабаев, «Микробиология. Астана-2014ж.

  • Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет