Орындаған : Мусаева Шакурам Сөздің дыбыстық мәдениеті


ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары



бет4/6
Дата06.07.2023
өлшемі48,78 Kb.
#104056
1   2   3   4   5   6
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Сәбилер мен естиярлар тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, талдау, өткізу.
5.3. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Мақсаты: Студенттерге сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін меңгерту. Жаттығулар жасау арқылы әдістердің ерекшеліктерін, мазмұныны білуге үйрету. Іс –тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
1.Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері.
2.Балалардың жас ерекшелігіне сай балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда төмендегідей әдістер қолданылады:

  1. Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.

Яғни бала тәрбиешісінің айтқан дыбыстарын бірге қайталайды. Бұл әдіске жаттықтыру кезінде тыныс шығару процесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті дыбыстау мүшелерін жаттықтыру үшін «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолымыз тоңса демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» секілді сюжетті айындарды пайдалануға болады, немесе дыбыстарды меңгертуде рольдік ойындарды да ұйымдастыруға болады. Мысалы, қасқыр у-у-у-у-у деп ұлиды. Ит ав-ав-ав-ав деп үреді. Сондай-ақ Сөздер тізбегі деген дидактикалық ойындар арқылы балаларды сөздің бірінші және соңғы дыбыстарын ажырата білуге үйретіледі. Мысалы, бұл ойында көбінесе суреттер пайдаланылады. Алма / а..а / ағаш / а..ш / т.б.

  1. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда тақпақ, жаңылтпаштар айтып жаттығу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс кезінде де тәрбиеші белгілі бір дыбысқа балалардың назарын аудара білуі тиіс. Бұл әдіс кезінде де тәрбиеші белгілі бір дыбысқа балалардың назарын аудара білуі тиіс. Бұл әдіс көбінесе балаларға жеке және хормен айтқызу тәсілдері арқылы жүзеге асырылады немесе осы бір әдісті бейнелі сергіту сәті мәселесімен бекітуге болады. Мысалы, бір аңның немесе құстың қандай дыбыс шығаратындығын әрі сөзбен, әрі қимылмен көрсетуге болады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет