Орындаған: 7М05102«Биомедиина» мамандығының



бет1/2
Дата01.04.2023
өлшемі26,86 Kb.
#78172
  1   2
Байланысты:
Салыкбай Улдан сем пед


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОФИЗИКА, БИОМЕДИЦИНА ЖӘНЕ НЕЙРОҒЫЛЫМ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Эмпирикалық және теориялық әдістер


----------------------------------------------------------------------
Орындаған:
7М05102«Биомедиина» мамандығының
1 курс студенті
Салықбай Улдан


Алматы, 2023

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Эмперикалық бәне теориялық зерттеу әдістері

  2. Бақылау әдісі

  3. Педагогикалық эксперимент

  1. Қорытынды


Кіріспе
Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс - бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әр түрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай -ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.
Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады.Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:
— тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
— жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
— жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
— Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;
— Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
— Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде қолданылады;
— Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
— Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапылық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі бақылап-зерттеу негізін құрайды.Өлшем – зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жолашып, теориялық болжамдардыңэксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет