Экспорттық нарықтарға ТМД елдері: Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркіменстан, Армения, Молдова, сондай-ақ Ұлыбритания, Германия, Испания, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Бенин және т.б.
Қорытынды
Қазақстан әлемнің аса ірі екі нарығы - Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан. Бұл экспорттық әлеует және ірі азиялық және еуропалық нарықтарға қолжетімділік тәрізді белгілі бір артықшылықтар береді. Орналасуының арқасында, Қазақстан Еуразиялық құрлықтың дәл ортасындағы заманауи транзиттік торапқа айналды.
Біздің еліміз 500 млн астам тұтынушысы бар аймақтық нарыққа артықшылықты қолжетімділікке ие, оның ішінде 180 млн астам тұтынушысы бар ЕАЭО, Орталық Азия нарықтары (50 млн), Батыс Қытай (300 млн) және Каспий теңізі елдері (150 млн) бар. Сонымен қоса, Қазақстан «Белдеу - жол бастамасын» іске асыруда басты рөл атқарады. Жалпы ұзындығы 10 000 шақырымнан 3000 шақырымнан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, бұл оны негізгі құрлық жолы дәлізінің маңызды учаскесі етеді және тасымалдау уақыты мен құнын едәуір төмендетеді. Ел Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанға $330 млрд-дан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. UNCTAD мәліметтері бойынша 2018 жылы Орталық Азия елдеріне инвестициялардың 60%-ы дерлік Қазақстанның үлесіне тиесілі. Бұл ретте соңғы он жылда ұлттық экономикаға $250,2 млрд немесе барлық тарихи қалыптасқан инвестициялық ағындардың 80%-дың жуығы түсті. Бұл факт инвестициялық саясаттың тиімділігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |