2000 ж. ақпан – «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды. 2000 жылдың жазында «ҚазТрансГаз» республиканың оңтүстік энергетикалық жүйесі мен газ тасымалдау жүйесін толығымен өз меншігіне алды.
Солтүстік Каспий қайраңында (Қашаған кен орны), ал Қызылорда облысында Құмкөл ірі мұнай кен орны ашылды.
2002 ж. 23 мамыр – Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысы басталды. Бұдан кейін Королевское, Ақшабұлақ, Әлібек Южный, Кеңлік (2004), Қарамандыбас, Қарақұдық (2005), Толқын және Чинаревское (2006), Әлібекмола, Кеңлік және Теңіз (2007-2008), Қызылқиа кен орындарындағы қорлардың артуы байқалды.
Шығыс Жағабұлақ – Қазақстандағы мұнай кен орны. Ақтөбе облысында орналасқан. 1991 жылы ашылған. Шығыс Ембі мұнай-газ аймағына жатады.
Южно-Гремячинское — Қазақстандағы мұнай кен орны. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданында, Орал қаласынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. 1994 жылы ашылған.
Бөркілдақты – Қазақстандағы мұнай кен орны. Атырау облысында орналасқан. 2010 жылы ашылған. Кен орнын Horizon Service N.V. лицензиясының 2005 жылы 80% сатып алған британдық Max Petroleum мұнай компаниясы басқарады. 2008 жылы оның үлесін 100%-ға дейін ұлғайтты.
Ащысай — Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы мұнай-газ кен орны. Каспий маңындағы мұнай-газ провинциясының Шығыс мұнай-газ аймағына жатады. 2005 жылы ашылған. Кен орнын игерумен қытайлық CNPC-Ақтөбемұнайгаз компаниясы айналысады.
Солтүстік Карповский блогы – Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Каспий ойпатының сыртқы шетінде орналасқан мұнай-газ конденсатты кен орны. 2008 жылы ашылған.
Приграничное – Каспий ойпатының солтүстік бөлігіндегі мұнай кен орны. Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. 1993 жылы Р-4 параметрлік ұңғыманы сынау кезінде анықталған.
Чинаревское – Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан мұнай-газ конденсат кен орны. Ол Каспий ойпатының солтүстік бүйірлік белдеуінде орналасқан. 1991 жылы ашылған.
Еліміздің жалпы ішкі өнімінің 8,2 пайызын және ұлттық экспорттың төрттен бір бөлігін құрайтын Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібінде 230 мың отандасымыз еңбек етеді.
Тәуелсіздік жылдарында түсті металлургия өнімдерінің өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1991 жылғы 14,7 миллион теңгеден 2020 жылы 4 триллион теңгеге дейін өсті. Түсті металл кендерін өндіру 1991 жылғы 3,5 миллион теңгеден 2020 жылы 1,8 триллион теңгеге дейін өсті. Түсті металлургияда өндіріс көлемінің ұлғаюына жаңа кәсіпорындарды құру есебінен қол жеткізілді.
Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдары (1991-1994 ж.) экономиканың айтарлықтай және ұзаққа созылған құлдырау кезеңі болды. 1995 жыл отандық тау-кен металлургия кешенінің жандануының басы болды. Тау-кен металлургия саласына ұзақ мерзімді шетел инвестициясы келіп, өндіріс жандана бастады, еңбекақы бойынша орасан қарыздар жабылып, өнімдер сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие болды. 1998 жылдың өзінде-ақ Қазақстан мыс, мырыш, қорғасын және алюминий тотығын ірі экспорттаушылардың біріне айналды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекетіміздің тау-кен металлургия кешенінің дамуына жекешелендіру ерекше әсер етті. Ол өндіріс тиімділігін арттыру үшін инвестиция мен технологиялық инновацияларды тартуға мүмкіндік берді. Бірте-бірте еліміздің мемлекеттік территориясының негізінде ірі металлургиялық кәсіпорындар пайда болды: «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Kaz Minerals Group», «Eurasian Resources Group», «UK TMK» АҚ және т.б.
Жергілікті компаниялардың қатысуымен көптеген шетелдік компаниялар Қазақстандағы кен орындарын игеруге және барлауға кірісті. 1999-2004 жылдары темір және түсті металл кендерін өндірудің физикалық көлемінің көрсеткіштері тұрақты өсті. 2000 жылы қара және түсті металлургия өнімдерінің 50%-ға жуығы сертификатталды.
2002-2003 жылдары металлургиялық кешен өнімдерінің экспорты еліміздің валюталық түсімінің 24%-ын қамтамасыз етті. 2005 жылы Павлодар облысындағы Қазақстан электролиз зауытының бірінші кезегі іске қосылды (2-кезеңі 2010 жылы іске қосылды).
2005 жылы Қазақмыс компаниялар тобының және 2007 жылы Eurasian Resources тобының (ERG) Лондон қор биржасында листингіне өтуі батыс инвесторларының назарын аударды.
Сонымен, соңғы 5 жылда алюминий өнеркәсібінде терең өңдеуге көшуде ерекше серпіліске қол жеткізілді.
Бұған «Қазақстан электролиз зауытының» ашылуы ықпал етті. Өндірілген бастапқы алюминий алюминий өңдеуді одан әрі дамыту үшін негіз болды:
алюминий профильдері;
алюминий радиаторлары;
алюминий қорытпалары, ұнтақтар, сым және т.б.
Мысалы, отандық легірленген алюминийден қуаттылығы жылына 1 миллион дөңгелекке дейін жететін автомобиль алюминий дөңгелектерін шығаратын 5-ші өңдеу блогының жобасы.
Бұл жоба отандық автомобиль өнеркәсібінің өндірістік тізбегіне сәтті біріктірілді (серіктестер: «Азия-Авто» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС).
2018 жылы Алматы қаласында «Евразкабель» ЖШС жаңа кабель зауытының іске қосылуы (инвестициялар – 12,3 млрд. теңге) мыс өнеркәсібінің дамуына қуатты серпін берді.
Осыған орай, «KMK Investment» ЖШС инвестициялық компаниясы 2020 жылы «Евразкупер» ЖШС қуаттылығы жылына 70 мың тонна өнім шығаратын мыс және алюминий өнімдерін шығаратын екінші зауытының құрылысын аяқтады. Өндірілетін өнім «Евразкабель» ЖШС кабель зауытын тиеуге және экспортқа шығаруға бағытталған.
Сонымен қатар, тағы 4 жоба жүзеге асырылуда:
Тараз қаласындағы «Арайстроймаркет» ЖШС компаниясының алюминий және биметалл радиаторларын өндіру желісін жаңғырту жобасы, қуаттылығы жылына 300 тонна өнім, одан әрі жылына 700 тонна өнімге дейін арттыру, сомасы инвестиция көлемі 370 млн теңгені құрайды.
Қызылорда облысында ванадий және феррованадий пентоксидін өндіру жобасы («Балауса» ЖШС). Бұл дүние жүзінде жоғары сұранысқа ие өнім, металлургияға арналған дайын лигатура, инвестиция көлемі 13,7 млрд теңге.
Шымкентте сусындарға арналған алюминий банкаларын шығару жобасы («KazAlPack» ЖШС), инвестиция сомасы 23 млрд.
Үндістанмен (Mishra Dhatu Nigam Limited «MIDHANI») «UK TMK» АҚ өндіретін қазақстандық титан қорытпасы ELI негізінде титан биоимплантаттары мен медициналық аспаптарды өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру.
Жалпы, жоғарыда аталған барлық жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша Қазақстан алюминий, мыс және сирек металдар өнеркәсібінде 4 және 5-кезеңдерге көшеді.
Қара металлургиядағы өңдеу үлесінің 2003 жылғы 84,6%-дан 2009 жылғы 76,6%-ға дейін біртіндеп төмендеуін, темір рудасын өндіру үлесінің 15,4%-дан 23,4%-ға дейін ұлғаюын атап өткен жөн. Осындай жағдай түсті металлургияда да байқалады. Өңдеу үлесі 2003 жылғы 80,8%-дан 2009 жылы 78%-ға дейін төмендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |