Тәрбиенің заңдылықтары Тұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі маңызды
орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылы да,
оқушының өзінін белсене қатынасуы арқылы да
қалыптастырылатын процесс.
Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік,
жеке адамның еркіне бағынышсыз,
Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар
мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс
деп түсіндіреді. Педагогикалық құбылыстар мен
процестер арасындағы байланыс тәрбие заңдылығы деп аталады.
Тәрбие заңдылығының мәні Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар деп тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес іс, түрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесін ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады.
Олар:
1. Тәрбиені табиғатпен үйлестіру;
2. Тәрбиені ізгілікті әрекетпен үйлестіру;
3. Тәрбиені мәдениетпен үйлестіру,
4. Тәрбиені кәсіптік мақсаттылықпен жүзеге асыру;
5. Демократиялық негізде ұйымдастыру.
Тәрбиенің заңдылықтары: 1. Тәрбиенің әлеуметтік жүйемен байланыстылық, яғни қоғам мұқтаждығына, жағдайы, талабына сай заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді
Тәрбие мен тұлға белсенділігінің байланыстылық, яғни өзін-өзі тәрбиелеумен бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
2
Тәрбие мен қарым-қатынастың байланыстылық заңдылығы. 3
Тәрбиенің оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерімен байланыстылық заңдылығы. Жас ерекшеліктері оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын жасағанда, тұлғаның дене және психикалық дамуына байланысты оқу-тәрбие процесінде ескеріледі.
4
5. Тәрбие мен іс-әрекеттің байланыстылық заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру, ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық-саяси іс - әрекеттерімен байланысты.
6. Тәрбиенің ұжым мен жеке тұлға арасындағы өзара байланысқа тәуелділік заңдылығы. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы шешуші рөл атқарады.
Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.
Тәрбиенің принциптері
Принцип дегеніміз - адамның нақты іс -әрекетінде өзі
тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің
жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа
алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру
жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер,
алғышарттар, талаптар мен қағидалар
жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын
жалпы бастау тұжырымдары.
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады .
Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін есепке алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның
экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие
ісінде қолдану болып табылады.
3. Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін,
орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын,
өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін
ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады.
4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар
бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген
тәрбиелік шаралардың
мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.
5. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің
мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге,
оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін
орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын
пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
Оқушы бойындағы орынды рухани нәрсені жобалай біліп,
оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім
оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын
іске қоса білу.