Демонстрациялық эксперимент – химияны,сондай-ақ тағы да басқа жаратылыстық ғылымдарды (биология,география,т.б) оқытудағы бірінші әдістің бірі. Алғашында жоғары оқу орындарында қолданылатын демонстрациялық эксперимент ғылыми докладтарда, конференцияларда, үлкен лекцияларда кең қолданыла бастады. Уақыт өте келе демонстрациялық эксперимент мектептерде де ене бастады. Бұрынырақта демонстрациялық эксперимент – сыныптық эксперимент терминімен алмасып келген.
Сонымен қатар химиялық демонстрациялық эксперименттер келесі талаптарға сәкес болулары қажет:
Сонымен қатар химиялық демонстрациялық эксперименттер келесі талаптарға сәкес болулары қажет:
көрнекі болу ( демонстрациялық столда болып жатқан барлық құбылыстар оқушыларға жақсы көрінуі керек)
жұмысты орындау техникасы қарапайым әрі түсіеуге жеңіл болуы
оқушылар эксперименттің құрамын түсінуі үшін эксперимент алдын ала мұғаліммен тексеріліп, дайындалған болуы
қауіпсіз болуы керек.
Қорытынды
Демонстрациялау әдістемесі- демонстарияның эффективтілігі , оның оқушылармен жақсы, терең түрде қабылдануындағы іс- әрекеттің үйлесімділігі. Демонстрацияның әдістемесі мен орындалу техникасы өзара тығыз байланысты, әрі демонстрациялық эксперименттің технологиясы болып табылады.Демонстрацялық экспериментті жүргізудегі ескеру қажетті маңызды нәрсе : әрбір тәжірибені орындау техникасы тұрғысынан тексеру, реактивтердің сапасын, құралдар мен құбылыстардың оқушыларға көрнекі екенін және қауіпсіздігін тексеру.