Орындаған: Қалханбек Ж. Тобы: меп 3-4нк Қабылдаған: Мусаева С. Шымкент 2023 Жоспар



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі29,93 Kb.
#119775
  1   2   3
Байланысты:
Қалханбек Ж. 2апта жоо


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
БАЯНДАМА

Инновациялық ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру


Орындаған: Қалханбек Ж.
Тобы: МЕП 23-4нк 2
Қабылдаған: Мусаева С.


Шымкент 2023
Жоспар

I.Кіріспе


II. Негізгі бөлім

  1. Педагогикалық инновация

  2. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану

  3. Жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын арттыру әдістері

III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе


Инновация — (латынның «innovation» сөзінен — жаңашылдық, өзгеріс, жаңарту) жүйені бір күйден екінші күйге өзгертуге әкелетін жаңа элементтерді енгізу ортасына мақсатты өзгеріс енгізе отырып, жаңасын жасау, игеру, пайдалану және тарату жөніндегі қызмет (шет тілдерінің қазіргі сөздігі). Педагогикалық инновация — бұл жаңа білім беру тәжірибесін құрумен байланысты мектептің даму процестерін зерттейтін ғылыми білімнің ерекше саласы. Біздің республикамыз білім сапасын арттыру бойынша жоғары мақсаттар қойды. Осы мақсатқа жету үшін біздің елімізге кадрлар даярлаудың сапасын дамыған елдер деңгейіне дейін көтеру қажет. Білім берудің мақсаты — шығармашылық қызметкерлерді даярлау, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық құрамының сапасын арттыру. Бәсекеге қабілетті маманға кәсіби ғана емес, жеке ерекшеліктері де кіреді. Педагогикалық процесті заманауи білім беру жетістіктеріне мүмкіндігінше жақындату үшін мұғалім өзінің білімін жүйелі түрде кеңейту керек. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарға белсенді қатысуы, педагогикалық процеске жаңа инновациялық әдістер мен тәсілдерді енгізуі қажет. Білім беру саласындағы инновацияларды енгізу қарқыны бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда. Қазіргі кезде инновациялық педагогикалық іс-әрекет кез келген оқу орнының оқу қызметінің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Инновациялық технологияларды қолдану баланы өз бетінше ойлау жұмысына, ізденімпаздық пен шығармашылыққа ынталандырады. Бұл сізге балалармен тиімді жұмыс істеуге, сабақты эмоционалды жарқын етуге, бүкіл инновациялық технологиялардыы пайдалану процесінде сыни ойлау бағдарламасы студенттердің тақырып бойынша болжам жасауға, мақсаттар қоюға, сұрақтар қоюға және жауаптар алуға, сондай-ақ мазмұнын толық түсінуге жағдай жасайды. Бұл бағдарлама оқытушылар мен студенттердің алдына міндеттер қояды. Осы тапсырмаларды орындау үшін мұғалім өз пәні мен сабағы арасында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырады, топқа психологиялық жайлылық жасауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Инновация (лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Т.И.Шамова, П.И.Треьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген. Ал, ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады [1].


Инновация - модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді.
Модификациялық инновация - бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру - жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

      • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

      • оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

      • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

      • оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу [2].

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:

      • Саралап оқыту;

      • Дамыта оқыту;

      • Деңгейлеп оқыту;

      • Шоғырландырып, қарқынды оқыту;

      • Модульдік оқыту;

      • Блок-модульдік оқыту;

Жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын: 

      • Компьютерлік технология;

      • Мультимедиа технологиясы;

      • Қашықтықтан оқыту технологиясы;

      • Желілік технология;

      • Интернет технология;

      • Интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты психолог, педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам білім беру орындарының алдына:
- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;
- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;
- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;
- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет