Орындаған: Қалханбек Ж. Тобы: меп 3-4нк Қабылдаған: Мусаева С. Шымкент 2023 Жоспар


Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі29,93 Kb.
#119775
1   2   3
Байланысты:
Қалханбек Ж. 2апта жоо

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды», деп атап көрсетті. Осыған орай елімізде білім беру саласын дамытуға арналған іс-шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке жағдайлар жасау; оқытудың ииновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген болатын. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ошақтарында, әр оқытушының күнделікті ізденіс арқылы ғылымға барлық жаңалықтар, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірбие қажеттігі туындайтыны анық. Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің басты міндеті – орталық буынынның заманауи білім беру үрдістерін меңгеру, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу. Яғни, көрсетілген міндеттерді орындай отырып, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір бөлісетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.

Белгілі ғалым Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:



  • білім мазмұнындағы инновация;

  • оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы,түрі,әдістері және құралдарындағы инновация;

  • оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

  • жоғарғы оқу орындағы басқару жүйесіндегі инновация;

  • Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

  • жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;

  • модульдық ( бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей студенттермен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

  • жүйелі: барлық оқу орындарында болатын өзгерістер.

Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай оқу орындарының жұмысын дамытатын, оқу өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір оқытушы өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгереді.
Инновациялық үдерістің кезеңдері:

  • инновацияның себептері;

  • жаңалықты жобалау;

  • жаңалықты жүзеге асыру.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады.
1. Жаңа идеяны іздеу.Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
2. Жаңалықтарды ұйымдастыру.
3.Жаңалықтарды енгізу.Оқу –тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
4.Жаңалықтарды бекіту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.
Жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін:

  • Сабақта интерактивті әдістерді қолдану;

  • Әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру,

  • Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

  • Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, оқу орны жағдайына бейімдеу;

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:

  • Жобалау технологиясы;

  • Саралап даралап оқыту;

  • Дамыта оқыту технологиясы;

  • Модульдік оқыту технологиясы;

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • Сатылай кешенді талдау;

  • Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.
4. Студенттердің көбін бағалауға мүмкіндік бар.
5. Студенттерді ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді
6.Студенттердің қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану оқытушыларды шеберлік жағынан шыңдайтынын дау тудырмайды.
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
Тиімділігі, жүйелілігі;
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңестігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушы келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:
1. Оқытушы жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
3. Жаңа технология қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
4. Жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді.
5. Студенттердің жұмыс әдісін.
6. Студенттердің жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет