Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгiлi бiр кызметтердi (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси бiлiм қоғамдағы оқиғаларды танып
білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесi кызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс әрекеттерге
және оқиғаларға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану
саяси әлеуметтену мiндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық
саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару кызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси
емiрiнде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бакылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиiмдi басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
Саясаттану саяси жетіру мiндетiн де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, баскаруда реформалар жасап, оларды кайта карауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жаргылар мен саяси-басқарушылық шешiмдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледi.