қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі.
Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси сананың ерекшелігінің бірі мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр
Негізінде еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі –оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам дауға ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Ал білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет екенін ескерген жөн. Саясатты қоғамдық өмір саласы ретінде ұғыну саясаттың өнер екендігіне дәлел болады. Атап айтар болсақ, саясат мемлекетті шебер басқарудың өнері, белгілі бір топтың мүдделеріне жауап бере алатын саяси қызмет өнері, билікті іске асыру, оны жеңіп алу, не болмаса сақтау өнері бола алады.Саяси өнер – бұл қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана білу, теориялық білімді, пайымдауларды шабытпен, жорамалмен, сезіммен, шығармашылық батылдықпен әрі құрғақ қиялмен ұштастыру негізінде дұрыс шешімдер қабылдай білу. Демек, саясат өнер ретінде - ойластырылған қадамдар, іс әрекеттер, айлалар, келісімдер, шегінулер, айналып өтулер, қысымдар, топшылаулар. Осыған орай, саясат өнер ретінде - кеңістік пен уақыт көлемінде адамдарға өз әсерін тигізетін, жоспарларымен әрі нәтижелерімен көптеген тағдырларға ықпал ететін сыналған, ойластырылған қызметтің тұтас, орасан зор жүйесі екендігін айтуға болады. Сонымен, қорыта айтқанда, шебер саясат – бұл жан-жақты ойластырылған, сақ саясат. Ол әрбір адамнан ақылы мен еркінің барынша жинақталуын, оғаш мінезі мен қызбалығын көрсетпеуді талап етеді. Егер қолданыстағы саясат үлгілі, өнегелі, адамгершілік мақсаттарға адамдарды бақытты етуге,емiрдiн куанышын керсетуге багытталган болатын.