Эмульгаторлар- эмульсияның тұрақтылығын қамтамасыз ететін затттарды эмульгаторлар деп атайды. Табиғатына байланысты эмульгаторлар эмульсияны беттік керілуді кеміту, эмульсия бөлшектеріне электр зарядтарын беру арқылы немесе тамшы бетінде техникалық беріктілігі жоғары қорғауыш қабат түзу арқылы тұрақтандырады.
Эмульсиялардың бұзылуы. Эмульсиялар уақыт өткен сайын ескіреді.Эмульсияны бұзу үшін дисперсті фаза бетіндегі эмульгатор қабықшасының беріктігін азайту қажет.
Эмульсияның медицина мен фармацияда қолданылуы
Өсімдіктердің сүт шырыны(латекс) эмульсияға жатады. Эмульсиялар адам ағзасында да кездеседі: қан мен лимфадағы майлар эмульсияланған күйде болады; ішектегі астың қорытылуы кезінде майлы эмульсиялар түзіледі. Демек, өттің асқазан-ішек жолындағы майларды қорыту және сіңіруде маңызы жоғары.
Көбіктер
Дисперсті ортасы сұйық, ал дисперсті фазасы газ болатын жоғары концентрлі ірі дисперсті жүйелерді айтады. Көбіктердегі газды дисперсті фазаның көпіршіктері жұқа сұйық қабыршық арқылы байланысқан, ал көбіктің өзі ара ұяшықтары тәрізді құрылымға ие.
Қатты көбіктер
Қатты көбіктер
ге дисперсті фазасы газ, ал дисперсті ортасы қатты дене болатын жүйелер жатады. Оларға көбікті шыны, көбікті бетон, көбікті пластмассалар жатады.
Ұнтақтар
Дисперстік ортасы газ ал дисперстік фазасы қатты заттан құралған еркін дисперстік жүйе.
Алыну әдістері.
1.Екі не одан да көп электролиттер ерітіндіде химиялық реакцияласқанда және осы өнімдердің бірі тұнбаға шөгінді күйінде түскенде қолданылады. Конденсациялық
1.Бұл әдіс механикалық диірмен, ультрадыбысты аспаптермен берілген заттарды ұнтақтауға негізделген. Дисперсиялық
Қорытынды
Қорытындылай келе, аэрозольдер дегеніміз дисперсті ортасы коллоидтық жүйелерді айтады. Аэрозольдердің табиғатта,тұрмыста,өндірісте маңызы жоғары. Мысалы: тұмандар бұлттардың климатқа әсері, желмен өсімдік тозаңдарының таралуы,зиянкестерге инсектофунгицидтерді шашу, жасанды жаңбыр, металдарды бояу, тыңайтқыштарды енгізу т.б.