Орындаған: Асканбаева Асида, 307. Диалог мысалдар Хабарламалық – диалог-әңгіме



Дата04.12.2022
өлшемі15,32 Kb.
#54777
Байланысты:
функ сауат диалог


Орындаған: Асканбаева Асида, 307. Диалог мысалдар

Хабарламалық – диалог-әңгіме
-Сәлем, Айгүл!
-О, Айжан, сәлем, қалайсың?
-Жақсы, шүкір. Өзің қалайсың? Айгүл
-Менде бәрі жақсы. Таң атпай қайдан келе жатсың? Айжан
-Азық-түлік алуға гипермаркетке барғам, бәрі қымбат. Апарған ақшам түкке де жетпеді. Айгүл
-Ой айтпа, алдыңғы жексенбі менде барып, аузым ашылып қайтты. Картоп, қызанақтардың бағасы 2 есеге қымбаттап кетіпті, масқара. Айжан
-Соны айтшы. Айгүл
-Бұлай тұра бергенше, жүр үйге кірейік. Айжан
-Рахмет, басқа жолы кіріп шығармын. Мына алған заттарымды үйге апару керек. Айгүл
-Жақсы онда, көріскенше.
-Сау бол!


Прагматикалық – пайымдау-диалог
-Сәлеметсіз бе? Бүгін жаңартылған білім бағдарламасы жөнінде сөз қозғасақ қалай қарайсыз?
-Сәлеметсіз, жақсы, мен де сіздің көзқарасыңызды білгім келіп жүр еді.
-Дәстүрлі оқыту мен жбб форматында айырмашылықтар көп.
-Иә, соның бірі – мұғалімнің бағыт беріп, әрі қарай оқушының жеке ізденісі.
-Дұрыс айтасыз. Осы арқылы оқушы жеке жұмыс істеп, ақпараттарды есіне сақтап алады.
-Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі – спиральдік қағида. Мысалы, оқушы бастауыш сыныпта 1-2 сөйлем жазып бастайды.
-Иә, одан кейін орта буында әңгіме жазса, жоғары сыныпқа барғанда эссе жаза алады. Дұрыс қой?
-Өте дұрыс айттыңыз. Яғни, барлық тапсырма спираль сияқты деңгейге қарай күрделене бастайды.
-Тағы бір айта кететін ерекшілігі – блум таксономиясы арқылы оқу мақсатына жету.
-Яғни, білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы сабақты түсіну.
- Айта берсек, ерекшеліктері өте көп. Сонымен, өз көзқарасымды білдіре алуыммен қатар, жаңа ақпарат білгеніме қуаныштымын.
-Рақмет!

Модальдық - диалог-құптау.
-Сәлеметсіз бе, Арман Асқарұлы!
Мені шақырдыңыз ба?
-Иә, Әсет, кел, отыр.
-Сені шақырған себебім, саған айтар қуанышты жаңалығым бар.
-Тыңдап тұрмын, айта беріңіз.
-Сен жасаған жобаны директорымыз мақтап, жоба бойынша жұмыс жасауға келісті. Жарайсың! Өте керемет жұмыс атқардың! Осы қалпыңнан тайма!
-Сіздердің осындай қолдауларыңыздың арқасында жақсы нәтиже көрсете алғаныма қуаныштымын! Рахмет!
-Сол себепті, бүгіннен бастап сенің қызметің бөлім басшысына дейін өсті. Өз жұмысыңа қазірден кірісе берсең болады.
-Жақсы, сіздерге алғысым шексіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет