Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген (7-қосымша)
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген (7-қосымша).
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес құрастырылады. Жиынтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес балдар қойылатын балл қою кестесі құрастырылады.
Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушы оқудағы ілгерілеуді бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды.
Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мәселелерді түсіну және талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі.
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.