Орындаған: Бахитқызы м тобы: 130-28 Тексерген


қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді; отырыс хаттамасына қол қояды



бет16/17
Дата31.12.2021
өлшемі38,82 Kb.
#21766
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
130-28 Бахитқызы Мейір (копия)

қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді; отырыс хаттамасына қол қояды.

Модерациядан кейін:

  • модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;

  • білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;

  • соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.

Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқу бағдарламасы мазмұнын білуі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.

Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде жоғары ойлау деңгей дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды тексеретін түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет