Орындаған: Бахраддинова А. Б



бет3/4
Дата29.06.2023
өлшемі0,73 Mb.
#103778
1   2   3   4
Байланысты:
Ақжан

Социалистік реализм

жалпы еңбекші халықтың ерлік істерін және олардың социалистік ой-санасының біртіндеп өсіп, жаңа өмірдің белсенді, саналы құрушысы, қожасы екендігін негізгі мәселе етіп көрсету - социалистік реализмге ғана тән ерекшелік.

Әдебиеттің партиялық принципі мен советтік патриотизм мәселесін жырлау нық байланысты. Бірін екіншісінен бөліп алып қарауға болмайды. Еңбек майданында болсын, соғыс майданында болсын не мәдениет майданында болсын, совет адамдарының жасы да, кәрісі де біздің совет әдебиетінде өз Отанына шын берілген, оны тереңнен сүйетін адамдар етіліп суреттелінеді. Бұл - социалистік өмір шындығы. Кешегі Ұлы Отан соғысында пулемет ауызын өз денесімен жапқан, самолетімен бірге жанып, жаудың аэродромын өртеген, беліне гранат байлап, танк астына түсіп, жау танкілерін қиратқан совет адамдарының тарих көрмеген ерліктері жер жүзіне мәлім. Олардың сол минутта ойын кернеп, бойын билеген жалғыз-ақ сезім - Ұлы Отанына деген зор махаббат, терең сүюшілік. Бұл ерліктер өмір шындығы десек, совет жазушылары шығармаларында осы шындықты өз тұрғысында, яғни социалистік реализм методымен суреттеді. Өйткені совет адамдарының бұл тәрізді саналы түрдегі ерліктері бүгінге шейінгі романтизм методымен жасалған, қиял дүниесі араласатын образдардан әлдеқайда мойыны озық, олардың ешқайсысының іс-амалы совет адамдарының патриоттық қимылдарының деңгейіне келе де алмайды.

Бірақ совет жазушыларының тарихи рөлі өмір шындығын нақтылы шындық қалпында көрсетуінде ғана емес (әрине, оның мәні зор), сол тәрізді әлемді таңғалдырған совет адамдарының ерліктерінің негізгі себебі - коммунистік тәрбиеге, Коммунистік партия бастаған социализм, коммунизм қоғамының ұлы идеясына берік сенушілік екендігін терең түсініп, дұрыс аша білуінде. Алдағы нысанаға еркін көзі жетіп, халықтық ұлы идеяға берік сенген адам ғана үлкен ерлік жасамақ, керек болса, халықтық идея үшін өз басын құрбан етуге бара алатындығын шебер көрсете алуында.

Біз бұдан әдебиеттегі социалистік реализм методы жазушылардың ойлап шығара салған нәрсесі емес, социалистік өмір шындығының өзі туғызған заңды әдебиеттік құбылыс екендігін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет