Орындаған: Балатай Ә. Тобы: Фи-17-1к1 Қабылдаған



Дата06.01.2022
өлшемі22,63 Kb.
#12331
Байланысты:
асел инкл баяндама


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс»

Орындаған: Балатай Ә .

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Қарақпаева С.

Шымкент қ., 2019 ж.

Жоспар:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардын ата –аналарынмен жұмыстын теориясы

  • Пайдаланылған әдебиет

Психологиялық – медициналық - педагогикалық комиссияда тексерілген балалар мен жасөспірімдерге (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау бөлімдеріне) қарасты мекемелерге қорытынды жолдама беріледі.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия – мамандарының функциональды міндеттері. Психологиялық- медициналық- педагогикалық комиссия мамандарының басты міндеттері: дәрігер балаларға дәрігерлік тексеру жүргізіп, ауруының түрін анықтайды, организмдегі қалыптан тыспатологияны тауып, оның жәй-күйіне қарай клиникалық баға береді.

Педагог-психолог, дефектолог, логопед кемістіктің құрылымын (структурасын) тауып, оның сөйлеу тілінің даму дәрежесін және тілдік кемістіктің түрін анықтай отырып, психологиялық-педагогикалық диагноз қояды.

Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Біріншіден, бұл - ата-аналар мен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналаржиналысы.

Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:



  • жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

  • ата-аналардың өтініші менқызығушылығына жауап беру;

  • нақты белгіленген тәжірибелікмінездеменің болуы;

  • диалог түрінде өткізілуі;

  • жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес, тиімді формаларының бірі – шағын жиналыс.

Ата-аналарды оқыту баланы тәрбиелеуге байланысты білімдер мен дағдылар туралы ақпараттарды тарату мақсатындағы жүйелі және мақсатты жұмыс ретінде қарастырылады. Ата-аналарды оқытудың екі негізгі міндеті анықталады:

1) бала тәрбиесіне қажетті, педагогикалық білімдерді жинақтау,

2) өзін-өзі тәрбиелеу, ол өз алдына ата-аналарға өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға көмектеседі, балаға деген сенімділік пен дұрыс ұстанымды қалыптастырады.

1.Педагогқа бірінші ата – аналармен кездеспес үшін, алдын - ала өзінің күйзеліс , үрейін түсіру қажет.

2.Тілдің , интонациясының , ымның көмегімен ата – анаға деген көңілің мен құрметіңді көрсет.

3.Ата – аналарды түсінуге тырысу : оларды толғандыратын сұрақ пен мәселелерді дұрыс ажырата біл. Оларды мектеп пен жанұя бір екенініне сендіре біл.

4.Ата – анамен салмақты , жәй, мейірімді сөйлеуге тырысу. Барлық ата –аналар , соның ішіндегі «қауіпті топ» - тың ата – аналары да жиналыстан шыққан да өз баласына деген сеніммен кетсін.

5.Жиналыстың нәтижесінде ата – аналар өз мәселесі бойынша үнемі сізден қолдау мен үміт арта алатындай сеніммен кетуі болып табылады.

Ақауы бар балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудің түрлі бағдарламалары жасалған. Бірінде – барлық күш бала мінез-құлқын түзетуге бағытталса, басқалары – оның ақыл ойының дамуына арналған. Ата ана тәрбиесінің жалпы бағдарламаларына тән нәрсе, балалардың әртүрлі міндеттерді шешу кезінде, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда, әртүрлі жағдайларда мінез-құлықтың түрлерін таңдағанда оның дербестігін кеңейтуге ұмтылу болып табылады.

Отбасын типологиясы ата-ана түгелдігіне қарай бөлу: толық және толық емес. Белгілі, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала туылған кезде отбасында көптерген қиындықтар пайда болады. Оның ішінде бала дамуындағы кемістіктер салдарынан қиындықтарды көтере алмау, шыдамсыздық пен ата ана арасындағы түсніспейушілік. Осы кезең неке беріктілігің сынағы болады. Бұл жағдай жиі ажырасу мен аяқталады, бала толық емес отбасында тәрбие алады. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балада жағымсыз әдеттерге жақын болу және үлгерімі төмен болу қаупы жоғары.

Дегенмен, мүмкіндіктері шектеулі бала отбасында адамгершікке, дене және эстетикалық тәрбиеге үйренеді, ол үшін отбысында келесі бағытта әрекет ұйымдастыру қажет:

- ата-анасының және басқа да отбасы мүшесінің баламен қарым-қатынасын анықтау;

- отбасы мүшесімен және басқа адамдармен қарым-катынас қалыптастыру процесін қадағалу;

- баланың танымдық және еңбек әрекетің, тәртібін, өмірлік тұрмысын арнайы ұйымдастыру.

Ата-аналар балаға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ата-аналарды «ақыл-ойы кем», немесе «олигофрения» деген терминдер шошытады. Ең алғашқы рет ата-аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір-бірімен байланысты бірнеше факторлармен айқындалады, олардың ішінде маңыздысы ата-аналардың жеке басы, баланың ерекшеліктері, қоршаған орта әсер етеді. Отбасына және балаға берілетін психологиялық-педагогикалық көмек түрлерін ұйымдастыру формалары.Балаларының ақыл-ойы кемдігі ата-аналарға психологиялық тұрғы дан ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да әсерін тигізеді. Баласына қойылған диагноз туралы ата-аналардың реакциясы түрлі болып келеді, жеке жағынан және ұқсастықтары да кездеседі. Ең бірінші диагнозға деген реакция өздерін «кінәлі» сезінулері, «Неге мен?», «Неге менің балам?» деген сұрақтарды туындатады.

Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдар-ламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүм-кіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жет- кізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың бі-лім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.



Мүмкіндігі шектеулі балалардын ата- аналарымен психологиялық жұмыс. Балалар мен жасөспірімдерді консультацияға жіберу білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының бастамасы, сондай-ақ ата-аналардың мынадай құжаттарды көрсетуі бойынша жүзеге асырылады:

  • Туу туралы куәлік;

  • Маман-дәрігерлердің қорытындылары мен тексеру нәтижелері және баланың даму тарихынан толық көшірме

  • Мектепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің және өзге де ұйымдардың баланың осы ұйымдарда болған уақытын, оның дамуын талдауды, эмоциялық аясы мен мінез-құлқын, сондай-ақ дамуы мен үлгерімін арттыруды жақсарту мақсатында жүргізілген іс-шаралардың қорытындылары;

  • Баланың ана-тілі, математика, сурет бойынша жазба жұмыстары мен басқа да қызметінің жемісі.

Балаларды қабылдау және тексеру тәртібі. Психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға түрлі коррекциялық жұмыстар ұйымдастырылады. Оларға психологиялық, медициналық және педагогикалық тұрғыдан кеңестер беріледі. Осы кеңес қызметін ұйымдастыруда арнайы ереже бар. Бұл ережелер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді, даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету құқығын белгілеу үшін құрылады.

Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасымен жұмыс жасаудың тиімді тетіктері. Мүмкіндіктері шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері отбасына тәуелді. Отбасы типологиясы үшін бала саны маңызды көрсеткіш. Отбасы бір балалы, екі балалы, көп балалы болып бөлінеді. Жалғыз баланы тәрбиелеудің жағымдысы - бапа махаббатты сезінеді, өзіне өзі сенімді болады, бірақ сонымен бірге езін өзі жоғары есептеуі де пайда болуы ықтимал. Екі бала тәрбиелейтін отбасында бала ерте жастан өзінен басқа бала бар екенің түсініп серіктестік сезіммен тұлға ретінде дамиды. Көп баллы отбасындағы балалар көбінесе еңбекке төзімді, икемді, жауапкершілік сезімі жоғары болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардын ата –аналарынмен жұмыстын теориясы. Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы мен мектеп мұғалімдері өзара келісіп, баланы түрлі жарыстарға, хайуанаттар саябағына, саябақтарға т.б. апарып, адамдармен қарым-қатынасын арттыру баланың өзіне деген сенімін, елдің бұған деген көзқарасын тұрақтандыру психологиясы қалыптасады.

Сондай-ақ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздан-дыру мазмұны 23 бапта белгіленген.



Пайдаланылған әдебиет:

  1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. – Алматы: Қайнар, 1991.

  2. Электронды ресурс: https://prezi.com/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет