Орындаған: Базаркулова А. Топ: 501-Қдс қабылдаған


Пастереллез оқиғасының ресми тіркелуі болмағандықтан эпидемиологиялық қадағалау жасалмаған



бет4/5
Дата03.12.2023
өлшемі192,63 Kb.
#133074
1   2   3   4   5

Пастереллез оқиғасының ресми тіркелуі болмағандықтан эпидемиологиялық қадағалау жасалмаған.

Пастереллездің алдын алу шараларының алгортимі.


мақсат
Түрғындар арасында пастереллез жағдайларын кешенді медициналық-санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы шараларды ұйымдастыру мен жүргізу арқылы алдын алу.
шаралар
  • Медициналық-санитарлық және ветеринарлық-санитарлық шараларды атқару
  • Эпизоотилық ошақтар:
  • ауру жануарларды қараған кезде, сақтық шараларын жүргізу (арнайы киім,жануармен жанасқаннан кейін қолды жуу т.б.)
  • Балалардың ауру жануармен қарым-қатынасын тоқтату және болдырмау:
  • Кеміргіштер көп шоғырланған мал шаруашылық нысандарында және азық түлік қоймаларында дератизациялық шараларды жүргізу.
  • Пастереллездің табиғи ошақтарының маңында орналасқан эпидемиологиялық мәні бар нысандарға дератизациялық шараларды жүргізу. Шаруашылық, ветеринарлық, санитарлық нысандардың аймағындағы эпизоотияның қарқындылығы мен көлемін бақылау.
  • Пастереллез бойынша қолайсыз табиғи және антропургиялық ошақтарда тұратын тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
  • Арнайы шаралар
  • Жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарға шұғыл түрде антибиотикпен ем жүргізу (пенициллин, тетрациклин, сифлокс 5-7 кун аралығында).

Пастереллезге эпидемиологиялық диагноз қоюдың алгоритмі


Елді мекендердегі, шаруашылықтарлағы эпизоотиялық жағдай туралы ретроспективтік және қауырт ақпараттарды жинау және талдау (“Карта ...” бойынша ошақтарды эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексерулердің қазіргі және бұрынғы нәтижелері бойынша мәліметтер.
Аурудың адамдарға жүғу жағдайын анықтау: ауру жануарларды және құстарды сою, олардығ ұшаларын бөлшектеу, етін өңдеу, сондай-ақ ауру жануарлардың тістеуі немесе тырнауы (мысық, ит) бүргелердің және кенелердің шағуы арқылы жұғу мүмкіндігі.
Маңызды клиникалық көріністері аурудың түріне байланысты: көбінесе терілік түрі кездеседі, терідегі қабыну көріністері (ісіну, қызару) субфебрильді температура, абсцесс, флегмона, остеомиелит; тыныс алу жолдары сілемейлі қабатының (пневмония, бронхоэктаз), ішектің бадамша бездердің, конъюнктиваның зақымдалу көрінісіне байланысты. Ал сепсистік түрде-дене қызуының жоғары болуы, буындардың, ОНЖ зақымдалу тән.
Зертханалық маңызды талдаулардың нәтижесі: қан дақылын бөліп алу, пастерелла түрлерінің анықталуы, бактериоскопиялық; серологиялық; ТГАР, АР-мен арнайы қарсынденелердің анықталуы.
Қоздырғыш көзін, беріліс жолдарын және факторларын (жануарларлың түрі бойынша, науқас санына, малдың оң нәтиже беруіне байланысты) бактериологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу әдістерін қолдану арқылы анықтау.
Эпидемиологиялық анамнездің қортындысы, ошақта ауыру адам және ауырған жануар анықталған жағдайда, ошаққа эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру (картаның мәліметтері)жүргізу кезінде анықталған ақпараттар және ветеринарлық қызметтің ошақты жоспарлы тексеруі барысында алынған мәліметтері бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет