Тақырыбы: Тұтынушы әрекетінің теориясы.
Орындаған:Беркінбекқызы Айтолқын
Тобы: Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару 1курс
Тексерген: Игильманова.С.И
тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық қисығын жүргізуге болады;
талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды, егер олар бір бірімен қиылысатын болса, онда сол нүктеде қиылысқан екі қисық бірдей пайдалылықты көрсетеді, сондықтанда бұл біздін анықтамамызға қайшы болып келеді;
талғамсыздық қисықтарында орналасқан тауар жиынтықтары неғұрлым координат басынан жоғары орналасса, онда ол соғұрлым көп ұнамдылық немесе пайдалылық әкеледі;
талғамсыздық қисықтары теріс бағытты болып келеді. Бұл қисықтардың бойымен жылжи отырып біз бір игіліктің мөлшерінен оны екіншісіне ауыстыра отырып бас тартамыз, олардын жалпы пайдалылықтары өзгермейді;
талғамсыздық қисықтары дөңес болып келеді.
I/Pу
-Pх/Pу
I/Pх
Y
X
Бюджет сызығы
Y
Егер I - тұтынушының табысы, P-X тауарының бағасы, Р-Y тауарының бағасы болса, онда Х және Y тауарлары сатып алынған игіліктер санын құрайды, онда бюджет сызығының теңдеуін мынадай формуламен жазамыз:I = Pх+Pу немесе Y = І/Ру-Px/PyX мұндағы – Рx/Ру бюджет сызығының бұрыштық коэффициенті, бұл сызыктың абсцисса осіне көлбеулігін өлшейді. X=0 болғанда, Y=I/Py, яғни тұтынушының барлық табысы Y игілігіне жұмсалады. Оның мөлшерін табысты осы игіліктің бағасына бөлу арқылы есептейміз. Ү =0 болғанда, X = І/Рх яғни біз тұтынушы сатып алатын Х игілігінің мөлшерінін анықтаймыз.
N
D
C
U3
-Px/Py
U1
U2
X
0
M
Тұтынушының тепе теңдік жағдайы
Талғамсыздық Қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз тұтынушының тепе- теңдік жағдайы (оптимумы) деп атаймыз.
Бұл нүктеде тұтынушы өзінің қажеттілігін толық қанағаттандырады.
Тұтынушының тепе-теңдігі дегеніміз бұл тұтынушы өзінің жалпы пайдалылығын және әл-ауқаттылығын максималдай алатын нүктесі немесе шектеулі табысын толық жұмсаудан алатын қанағаттанушылық деңгейі.