Орындаған: Буликбаева М. М



бет6/10
Дата13.02.2023
өлшемі3,23 Mb.
#67626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
260418.pptx

Нерв жүйесі

Жыныс мүшелерінің иннервациясында симпатикалық, парасимпатикалық және жұлыннан шыққан нервтер қатысады. Симпатикалық нерв талшықтары аорта іштегі күн нерв байланыстарынан шығады, сөйтіп төмен түседі де, бесінші бел омыртқаның тұсында іштің төменгі нерв байланыс көздерін құрайды. Осы жерден нерв талшықтары төменге және жан-жағына қосымша, оң және сол жақ нерв торларын негіздейді. Осылардан жамбас қуысында негізгі нерв көздерін құрастырады, міне, кейінгіден жатыр, қынап, жатыр мойыншасының қызметтері реттелінеді. Бұл байланыстарға парасимпатикалық нервтер қосылады, сөйтіп жатыр-қынап нерв байланыстарын қалыптастырады.

Лимфа жүйесі

лимфа жүйесі көптеген лимфа тамырларын және бездерін қалыптастырады, бұлардың бәрі қантамырлар бойымен орналасады. Сыртқы жыныс мүшелерінен лимфа сұйығы шап бездерінде жиналады, ал ішкі жыныс мүшелерінен лимфа жамбас қуысында (іш және ішкі жамбас лимфа торлары) тоғысады; кейінгілерден жоғарыға қарай қолқа және төменгі жартылай вена маңайындағы лимфа бездеріне барады.


Етеккір циклі
Етеккір циклі-
Бұл күрделі биологиялық процесс, көптеген мүшелер мен жүйелердің өзгерістерінен көрінетін, әсіресе жыныс сферасында айқын бейнеленіп, әйелді жүктілікке дайындайды.
Дені сау ұрпақ әкелу
DeptObGyn

Етеккір циклы және оның реттелуі

  • Алғашкы етеккір (менархе) – 11-13 жаста келеді, бірден немесе 1 жыл ішінде қалыптасады. Етеккір циклының қалыпты жағдайда орташа ұзақтығы 21-35 күн, көпшілік әйелдерде орташа 28 күн. Етеккірлік қан кету себебі жатырдың шырышты кабығының түсіп, қан тамырларының жарылуымен байланысты. Қалыпты етеккір циклында қан кету ұзақтығы орташа 3-6 күнге тең және көптеген факторларға алдымен эндометрий регенерациясының жылдамдылығына байланысты жететін қан көп емес және орташа 50 мл құрайды, етеккірлер реті ауырмай келуі керек.

Дені cay әйелде кезеңді көрініс ретінде мол емес және ұзақ емес жыныс жолдарынан қан кетулер болады, олар етеккір немесе регул деп аталады. Етеккірдің кезеңді түрде келуі жыныс жүйесіндегі және бүкіл организмдегі күрделі көптеген циклды өзгерістермен байланысты. Сондықтан әйел организімінде өтетін циклді процестер комплексты етеккір циклы деп аталады.

  • Дені cay әйелде кезеңді көрініс ретінде мол емес және ұзақ емес жыныс жолдарынан қан кетулер болады, олар етеккір немесе регул деп аталады. Етеккірдің кезеңді түрде келуі жыныс жүйесіндегі және бүкіл организмдегі күрделі көптеген циклды өзгерістермен байланысты. Сондықтан әйел организімінде өтетін циклді процестер комплексты етеккір циклы деп аталады.
  • Әрбір калыпты етеккір циклы әйел организмінің жүктілікке дайындығы болып табылады. Ұрықтану және жүктілік әдетте етеккір циклының ортасында овуляция (жетілген фолликулдың жарылуы) және ұрықтануға дайын аналық клетка шыққаннан кейін болады. Егер бұл кезеңде ұрықтану болмаса, ұрыктанбаған аналық клетка өледі, ал дайындалған жатырдың шырышты кабығы сылынып түседі де, етеккірлік қан кету басталады. Сонымен, етеккірдің аяқталғанын көрсетеді.
  • Клиникалық практикада кезекті етеккірдің алғашқы күні етеккір циклының басы деп саналады, етеккір циклы – бұл басталған етеккірдің бірінші күнімен келесі етеккірдің бірінші күніне дейінгі уақыт арасын айтамыз.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет