-картографиялық материалдарды қайта тексеру мен дұрыстау және жер пайдаланушыларға жердің сапасын, ауданын күйін көрсетіп тиісті карталарды беру;
-геоботаникалық және топырақ зерттеулері мен ізденістердің материалдарын талдау;
-әрі қарай бақылау үшін аймақтық және облыстық карталарды құрастыру;
-жер қорын тиімді пайдалану жайлы ұсыныстар беру үшін жердің күйі мен сапасының өзгеруін бақылау нәтижелері бойынша жер кадастрын нақты мәліметтермен ақпараттық қамтамасыздандыру;
-жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды ақпаратпен қамтамасыз ету;
-жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау;
-топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау;
-табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік дәрежесін бақылау;
-елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін бақылау;
-жердің күйін жүйелі түрде бақылау;
-жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау және талдау;
-зиянды процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
-нысаналы мақсатын және рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты жерді пайдалануды үздіксіз бақылау;
-белгілі уақытқа жердің сапалық күйі жайлы болжау жасау;
-әкімшілк-территориялдық құрылымның шекаралары мен ауданның өзгеруін бақылау;
-гумус қорының азаюын бақылау;
-топырақтағы микроэлементтердің өзгеруін бақылау.
Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі:
жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету;
азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Сонымен қорыта келгенде, мемлекеттік жер мониторингі – жер күйінің өзгеруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестердін алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қорщаған орта оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. “Жер туралы заңнамалар” Алматы 2009ж
2.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі
3. “Қоршаған орта мониторингісі»пәні бойынша студенттің пәндік оқу әдістемелік кешені, Алматы 2012ж 96 бет