Хлоргексидинмен ауыз шаю тіс қағының пайда болуына жол бермейді, бірақ оның дәмі жағымсыз, сонымен бірге ол тісті бояйды. Хлорид аммоний негізінде ауыз шаюдың дәмі де жағымдырақ әрі тісті боямайды, алайда оның тиімділігі аз деп саналады. Зерттеушілер ауыз шаюдың екі түрінің тиімділігін салыстырды. Зерттеуге қатысушылар ерітінділердің біреуімен ауыздарын шайғаннан кейін, тіс қағын бөліп алып өлшеу(мг)және арнайы жасалған шкала бойынша визуальды бағалау(балл) арқылы мәліметтер жинады. Визуальды бағалардың дәлдігін бағалау үшін оларды өлшеу нәтижелерімен салыстырды. Тіс қағын бағалаудың екі тәсілін салыстыру нәтижелері кестеде келтірілді.
Деректерге сүйене отырып визуальды тәсіл арқылы бағалау мен өлшеу арқылы бағалаудың арасындағы байланыстың сипаты мен күшін параметрлік емес рангілік корреляция коэффициентін есептеу және оның шынайылығын бағалау арқылы анықтаңдар