Грамматикалық тапсырмалар: Білім 1 – тапсырма. Сөйлемдердің ішінен салалас құрмалас сөйлемдерді тап.
Арман қалаға отбасымен қыдырып шығып, содан бері ауылға келмеді.
Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.
Далада қар жауып тұрғаны, жыл мезгілдерінің бірі – қыс келгендігін білдіреді.
Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады.
Сен оны отбасы мүшесі ретінде қабылдамауын, сенің оған деген ренішіне байланысты.
Жауаптары: б; д; ф.
Түсіну 2 – тапсырма. Мәтінде берілген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
Мысалы:Осы арқылы тәуелсіздік жылдарында отбасылық-демографиялық саясат мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде бекітіліп, бұл саладағы келелі мәселелер кезең-кезеңімен түпкілікті шешімін тауып келеді. Осы арқылы тәуелсіздік жылдарында отбасылық-демографиялық саясат мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде бекітілді де, бұл саладағы келелі мәселелер кезең-кезеңімен түпкілікті шешімін тауып келеді. (Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем) Қолдану 3 – тапсырма: Берілген сөйлемнің жалғаулықтарын өзгертіп, салалас құрмалас сөйлемге айналдырындар.
Осылардың қатарында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының қабылдануы, Отбасы күнінің белгіленуі, Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделінің қалыптасуы, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі және басқа көптеген нақты шараларды алға тартуға болады.
Осылардың қатарында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының қабылданғандығы.
Отбасы күні белгіленгендігі.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделі қалыптасқандығы.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі және басқа көптеген нақты шараларды алға тартуға болады.
Сонда:Осылардың қатарында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының қабылданғандығы, Отбасы күні белгіленгендігі, Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделінің қалыптасқандығы, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі және басқа көптеген нақты шараларды алға тартуға болады.