ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
9 – сыныпқа арналған грамматикалық тапсырмалар құрастыру
Орындаған: Ділдәбек Ажар
Қабылдаған: Рауандина Айтжамал
Топ: 309
Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлау
Алматы, 2023 Сынып: 9
Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
Мәтін: Отбасы – ұлт құндылығы
Егемендіктің алғашқы жылдарында Ата Заңға арнайы бап енгізіліп, «неке және отбасының, ана, әке болудың және балалықтың мемлекет қорғауында болатыны» айқындалды. Осы арқылы тәуелсіздік жылдарында отбасылық-демографиялық саясат мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде бекітіліп, бұл саладағы келелі мәселелер кезең-кезеңімен түпкілікті шешімін тауып келеді.
Ширек ғасырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, әл-ауқаты артқан отбасы, білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясаты отбасылық саясатты жетілдіруге, ана мен баланы мемлекеттік қолдау бойынша бағдарламалық құжаттардың қабылдануына, осы бағытта тұтастай жүйенің құрылуына жол ашты. Осылардың қатарында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының қабылдануы, Отбасы күнінің белгіленуі, Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделінің қалыптасуы, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі және басқа көптеген нақты шараларды алға тартуға болады. Бұл игілікті істер нәтижесінде әрбір босағасы берік отбасы – Отанымыздың баянды болашағының берік негізі ретінде орнықтырды.
Осының бәрі отбасы – адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқа сүйер алтын діңгегі екенін, Қазақстан қоғамында отбасының мәртебелік мәні қашанда терең екенін көрсетеді. Өйткені, «Мәңгілік Елдің» іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың басты құндылығы – өрелі ұрпақ, ұлағатты отбасы екені ақиқат.
(Гүлшара Әбдіқалықова)