Тақырыбы: "Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру. Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
1. «Танысу» жаттығуы Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Көк түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы) 1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?