Орындаған: дкя 205B тобының студенті Омиржанова У. А. Тексерген: Кундакова А



Дата07.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#48133

Орындаған: ДКЯ 205B тобының студенті Омиржанова У.А. Тексерген: Кундакова А.
Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын
этикалық нормалар
1.1 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі - еліміздің
байлығының ең маңызды бөлігі. Қазақтың аса көрнекті
қоғам қайраткері, ақын, аудармашы ғалымы Ахмет
Байтұрсынов Ең әуелі мектепке керегі - білімді,
әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім деген
болатын.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оған қойылатын талаптар
Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан
алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт бағдар беріп,
баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа
және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір
табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым
М.Балақаев. Мәдениеттің өзі екіге бөлінеді: материалдық
және рухани. Соның ішінде рухани мәдениетке жатады:
а) ойлай білу мәдениеті - өмірге талдау жасап
қиындықтардан арылу жолын таба білу, ақылға салу,
жасампаздыққа жеткізу;
ә) педагогикалық мәдениет - ұзақ жылдар бойына
жинақталған ең озық іс-әрекет, білім, үйрену нәтижесі; 
Кіру
б) тіл мәдениеті - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде
тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір
тәртіппен жүйелі қолдану;
в) сөйлеу мәдениеті - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу
дәрежесі. Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны
жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай,
халық тілі..
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың
бірі - тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше,
ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын,
ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің
қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген
сөзінен байқалады. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап
кісіні ал, - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол
байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп,
бас иген.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлділігі,
тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы маңызды.
Сондықтан мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен,
ақылға қонымды, дәйекті дәлділігімен, тыңдаушыларды
баурап алып кететіндігімен үлгі болуы тиіс.
Ұстаз сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру
үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар.
Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды сөзі мірдің
оғындай екен дейді. Ұстаздықдыбыс сазына, үніне кең,
толық, таза, айқын сүйкімді дауыс беру үшін жағымды саз
беруге дағдылану, жаттығу керек.
Мұғалімнің мінезі жайдарлы, кең пейілді, сабырлы, ашу
шақырмайтын, сөзі өте сыпайы болуы керек. Олай болса
мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Бірінші
қыры - мұғалімнің өз пәнін меңгеруі; екінші қыры - оны
үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі; үшінші қыры - мұғалімнің
Кіру
тілді меңгеруі, сөйлеу шеберлігі; төртінші қыры -
байқағыштық сезімі - көрегендігі; бесінші қыры -
жасампаздығы; алтыншы қыры - жан-жақты
дарындылығы; жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз
ізденімпаздығы; сегізінші қыры - үлгі-өнегесі немесе
педагогикалық әдеп- этикасы деуге болар еді. Себебі,
мұғалімнің келбеті, сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы,
өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үнемі
жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандыққа
тән қасиет.
Сөз өнері - халықтың ішінен орақ тілді, от ауызды небір
шешендерді шығарған. Олардың айтқан сөздері
ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ғасырлар бойы жасап келеді.
Сухомлинский тәрбие өнері дегеніміз - ең алдымен,
сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Мұғалім
сөзі - шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал деген
болатын. Бұл сөзде шын мәнісінде үлкен шындық жатыр.
Себебі, сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып,
қоштасуымен аяқталады. Негізгі тұлға - сыныптағы
мұғалім. Сондықтан да сыныпта шәкірттің сөйлеу тілін
қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де айрықша мән
беруі керек. А.С.Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне
ерекше мән берген.
1.2 Мұғалім оқушымен сөйлеу барысында тіл тазалығы
Мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы барысындағы
сөйлеу тілі ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыстың
жемісті болуын: берілетін білім мен тәрбие мазмұны
Кіру саналы және тәжірибелік қызметтің ұтымды
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Ұстаздың сөйлеу
тілінің мәдени деңгейі оның сабақ беру барысында да ,
сабақтан тыс кезде де көрінеді.
Мұғалім сөзі айқын анық тылығымен, ақылға қонымды,
дәйекті дәлдігімен, тыңдаушыларды баурап
кететіндігімен жұртқа үлгі болуға тиіс. Оның сөзі
оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс
ырғағының , сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз
жақсы сөйлей білетін адамдарды сөзі мірдің оғындай
екен дейді.
1. Мұғалімге қажетті: сабақта берілетін мазмұндаманың
баяндалу барысын мұқият ойластыру, барлық
тұжырымдамалардың, сұрақтардың дұрыс және нақты
айтылуы; жазбалардың барлық түрлерінің (тақтада,
журналда, оқушылардың күнделіктерінде және т.с.с.)
сауатты орындалуы; түсінікті жазумен жазылуы.
2. Өз сөзінде құрылымы дұрыс емес сөйлемдер мен сөз
тіркестерін, дыбысталу нормаларының бұзылуын, сөздің
орынсыз қолданылуын және тапсырмалар мен
анықтамалардың тұжырымдамаларында қателіктерді
болдырмау.
3. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру мен нақтылау
бағытында, оқытылатын пән бойынша жаңа
терминдермен таныстыру бағытында үздіксіз жүйелі
жұмыс жүргізу. Жаңа терминдерді түсіндіргенде сөзді
анық, таза айту, тақтаға жазу және дәптерлеріне жаздыру,
олардың мағынасының меңгерілуін және дұрыс
қолдануларын үнемі тексеріп отыру. Оқытылатын пәнге,
бағдарламаның айтылмыш тарауына қатысты жазылуы
мен дыбысталуы қиын сөздерге плакаттар мен
кестелерді қолдану.
4. Барлық сабақтарда оқылған материал бойынша
талдауды, саралауды, салыстыруды, сәйкестендіруді,
жауап беру барысында қажетті дәлелдемелер келтіруді,
қортындылаудың немесе түйіндеуді және жинақтауды
орындай алу бейімділіктерін қалыптастыруға көп көңіл
бөлу.
5. Оқушыларды оқулықпен, әртүрлі анықтамалық 
Кіру
әдебиеттермен, тізімдемелермен, картотекалармен
жұмыс жасауға үйрету.
6. Дәптерлердің ұқыпты жүргізілуі мен ондағы барлық
жазбалардың сауатты толтырылуын қадағалау.
7. Жіберілген қателерді түзетіп отыру.
8. Дәріс алушыларда оқытылатын пәндер бойынша
арнайы дәптерлерінің болуын, олардың мектепте
бекітілген тәртіпке сай толтырылуын, жүргізілуін,
бірыңғай орфографиялық режімнің орындалуын
қадағалау.
9. Оқушылардың математикалық тіл мәдениетін жетілдіру
үшін сабақтан тыс жұмыстардың барлық түрлерін
қолдану (олимпиада, сайыстар, факультативтер,
үйірмелік оқулар, пікір таластар, семинарлар, КВН, т.с.с.).
2.Биология пәні мұғалімінің сөйлеу мәдениеті
2.1 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар
Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында
Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі -
ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім
мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру.
"Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы
... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы
мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім
беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге
дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп,
бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ).
Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан -
қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды.
Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші:
балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу,
білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі
болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп,
үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік
мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол
кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген
адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай
қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық
мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет