1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары



бет1/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен өзгерістерге бет бұрып отырғанын айқын көруге болады.
Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму үрдісінде бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардың біріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын алып, импульспен, қарышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы, екіншісі –мәдениеттің даму үрдісінде бұрын болып көрмеген экономикалық кедергілер мен халық бұқарасының санасындағы психологиялық өзгерістердің салдары болып табылатын іркілістер жатады.
Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің қала құрылысы дами бастады. Үлкен қалалар салудың негізгі жоспарын Н.Назарбаев өз қолына алған. Президентіміз өз күшімен Қазақстанның қазіргі астанасы Нұрсұлтан қаласын бой тұрғызып, оны ең әсем қалаға айналдырды. Қазіргі таңда Нұрсұлтан қаласына шет елдерден көптеген саяхатшылар демалып келуде және олардың көбісіне қаланың құрылысы ерекше әсер қалдырды. Қорыта айтқанда, сонау Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан көркейе түсті. Қазіргі таңда да алып ғимараттар бой көтеруде. Қазақстанның қала құрылысының алдыға жылжуына жәні әрі қарай дами түсуіне Н.Назарбаев көп күшін салды. Сол кісінің арқасында қазіргі таңда еліміз осындай биіктікке жетуде деп санаймын.
2. Қазақстандық қала сәулетінің бірегейлігі мен заманаиулығы.
Қазіргі қазақстандық архитектураның ерекшелігі– заманауи сәулет ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы. Алайда бұл ерекшелік құрылыс пен архитектурада басқа да басым бағыттар жоқ дегенді білдірмейді. Қазір негізгі басымдық архитектура ісіне инновациялық шешімдердің, жаңа технологиялардың көптеп енуіне беріліп отыр.
Есімдері әлемге танымал архитекторлар Қазақстанның жаңа астанасына келіп, заманауи келбетке сай ұлттық нақыштарды сәулет өндірісіне енгізіп, ғаламдық жаңалықтарға қол жеткізді.
Мәселен, елордада Хан-Шатыр кешенін салған Норман Фостер құрылыс бастамас бұрын көшпенділердің тарихын зерттеп, тарих жылнамаларында хан ордаларында шатырлардың сән-салтанат құрып, асқақтап тұратынын дәл тапқан. Содан киіз үй бейнесін кешеннің бейнелік шешімі ретінде алды.
Сондай-ақ, елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының (Пирамида) құрылысын жобалау кезінде енгізген жаңалығының арқасында Норманның есімі архитектура тарихына жазылды. Бұл – ғимараттың тарих пен мәдени құбылыс болудан өзге, Арқа төсіндегі астананың ауа-райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған техникалық шешімнің көрінісі. Арқа беліндегі қатты жел ғимараттың құрылысына да зиянын тигізе алмайды, сондай-ақ арқаның құбылмалы темпетурасына да төтеп бере алады.
Ал Самұрық құс жұмыртқа басар ұя мифтік желісінен бой көтерген Бәйтерек монументалдыбейнесі бүкіл Қазақстанның символына айналды.
Қорыта келсек, Қазақстанның қазіргі қала құрылысы заманауи тұрғыда тұрғызылып жатыр. Біздің қала архитектурасымен шет елдің мықты архитекторлары да арнайы келіп өз қол ұштарын созды. Ал өз елімізден Алмас Ордабаев, Ақмырза Рүстембеков, Шоқан Матайбеков, Тоқтар Ералиев сияқты белгілі бас сәулетшілер көп күшін салды. Дәл осы мықты тұлғалардың арқасында еліміздегі қала құрылысы заманауи тұрғыда дами түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет