Парестезия — денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы .
Анестезия–Сезімталдықтың жоқтығы.
Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі.
Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.
Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады
Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады
Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.
Сезімталдықтың зақымдалу түрлері
Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв инервациялайтын зонада сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады.
Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездеседі. Сезімталдықтың бүкіл түрі аяқ пен қолдың дисталды бөліктерінде бұзылады «перчатки» және «носки» түрінде.
Перифериялық түбірлік — дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).
Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауырсыну мен температуралы сезімталдық жоғалып, тактилды және терең сезімталдық сақталады.
Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш жолы зақымдалуына байланысты сезімталдық түрі бұзылады. Сезімталдықтың бұзылуы зақымдалған жерден төмен орналасады.
Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалады – гемитип, гемианестезия.
Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде. Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы аяқта бұзылады, ал егерде сол иірімнің ортаңғы бөлігінде орналаса , онда сезімталдық қарсы жақ қолда бұзылады