Орындаған: Есиркепов Е. Тобы: жм-001Ғ


Қарыншалық пароксизмальдық тахикардия



бет4/5
Дата26.12.2023
өлшемі382,9 Kb.
#144306
1   2   3   4   5
Байланысты:
елдос мед сим

Қарыншалық пароксизмальдық тахикардия

  • Жүректің жүйелі ырғағы сақталған күйде кенеттен қарыншалар жиырылуының 1 минутта 150-180 дейін жиілеп, кейін кенеттен бастапқы күйге оралуы.
  • Этиологиясы мен патогенезі.
  • Практикалық тұрғыдан барлық жағдайда қарыншалық пароксизмальды тахикардия жүрек ауруларында (85% жағдайда ЖИА-да кездеседі) кездеседі. 2% жағдайда идиопатиялық қарыншалық ПТ тіркеледі. Еркектерде əйелдерге қарағанда екі есе жиі кездеседі.
  • Пайда болуының басты механизмдері:

  • 1. Қозу толқынының қайта ену механизмі (re-entry); қозу толқыны миокардтың өткізгіш жүйесінде немесе миокардтың өзінде орналасады;
  • 2. Активтігі күшейген автоматизмнің эктопиялық ошағы болу;
  • 3. Триггерлік активтіліктің эктопиялық ошағы болу

Клиникасы.

  • Науқас адамдардың шағымдары – жүрек соғу, кейде жүректің ауыруы, ентігу, əлсіздік, бас айналуы, жүректің тұрып қалу сезімі жəне «шалыс» соғу сезімі. Кейде МорганьиАдамс-Стокс синдромының клиникасы болады. Ұстама кезінде тері қуқыл тартқан, ерін көгерген, акроцианоз, мойын артерияларының, кейде веналардың пульсациясы көрінеді.
  • Аускультацияда – жүрек тондары əлсіреген, жиілеген, ырғақ қалыпты күйде. Пульсация саны жүрек ырғағына сəйкес келеді, кейде пульс тапшылығы (дефициті) анықталады. АҚҚ көбіне төмендейді, кейде коллапстық жəне кардиогендік шоктың (аритмиялық шок) клиникасы байқалады. Кейбір жағдайда өкпе шеменінің белгілері болады. Аритмияның бұл түріне «спастикалық несеп бөлу» симптомы тəн емес.

Қарыншалық ПТ-ң ЭКГ-лық белгілері:

  • 1. Жүректің жиырылу жиілігінің кенеттен 1 минутта 140-150 дейін көтеріліп (сирек –200-ден жоғары, немесе минутына 100-120) кенет бастапқы қалпына келуі;
  • 2. QRS комплексінің деформациясы мен 0,12 с жоғары ұзаруы жəне ST аралығы мен Т тісшесінің дискордантты орналасуы;
  • 3. АВ – диссоциациясының болуы – жиі қарыншалық ырғақ (QRS комплексі) пен жүрекшелік қалыпты синус ритмінің (Р тісшелері) арасындағы байланыстың үзілуі; сирек синус түйінінен шыққан өзгермеген бірен-саран QRST комплексі тіркеледі (қарыншалардың «ұсталып қалған» жиырылулары).
  • 4.Қарыншалық тахикардияның эктопиялық ошағын ЭКГ-ның кеуделік тіркемелері бойынша, қарыншалық экстрасистолиядағыдай анықтайды. Қарыншалық ПТ-ң ерекше түріне екі бағыттағы ұршық тəрізді тахикардия («пируэт») жатады, ол ұзарған Q-T аралығы синдромына тəн.

Қарыншалық тахикардия пароксизмдері бар электрокардиограмма: жүрек соғу жиілігі минутына 200-ге жуық оң қарыншалық тахикардия және QRS кешенінің сол жақ шоғыры блокада тәрізді өзгерістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет