1. Жүрек ырғағы бұзылмаған күйде жүректің жиырылу жиілігінің кенеттен 1 минутта 140-250- ге жетуі жəне оның кенеттен сиреп, бұрынғы қалпына оралуы.
2. Əр қарыншалық QRS комплексінің алдында аласарған, деформацияланған, қос фазалы немесе теріс мəнді Р тісшесінің болуы.
3. Ұстама басталғанға дейін болған қалыпты өзгермеген QRS комплексіне ұқсас QRS комплексінің сақталуы.
4. Кейбір жағдайда АВ-өткізгіштігінің бұзылып, АВ-блокаданың І немесе ІІ дəрежесінің бой көрсетуі, сол себепті мезгіл-мезгіл кейбір QRS комплексінің түсіп қалуы (тұрақсыз белгі).
Жүрекшелік пароксизмальды тахикардия электрокардиографиялық критериі оңай – бұл қатарынан топтасып тұрған жүрекшелік экстрасистолалар, бірақ саны 7ден асады.
Емі
Ең алдымен кезбе нервісін механикалык тітіркендіру әдістерін кол-данып көреді, бұлар әсер етпегенде дәрмектерге көшеді.
Чермак-Геринг сынамасы — каротидтік массаж (қалқанша тәрізді шеміршектің жоғарғы шетінің төс-бүғана-емізік бұлшықетімен қиылысқан нүктеде ұйқы артериясын 10-20 с басу). Алдымен оң үйқы артериясын, ал одан оң әсер болмаса, 1-3 минуттан кейін, сол ұйқы артериясын басады. Жүректің тоқтап қалу қаупінен екі артерияны қатар басуға болмайды.
Құсу рефлексін туғызу.
Шарды үрлеп максимальды керу.
Бетті салқын суға батырып, 10-30 с дем алмау — «суға сүңгу» рефлексі.
Вальсальв сынамасы — демді барынша ішке алып, 5-10 с күшену.
Данини-Ашнер сынамасы — бармақтардың ұшымен науқастың жабық көздерін, 1-3 минут аралықпен кайталап, 4-5с басу.
Медикаментозды емі
Кезбе нервісін тітіркендіру әдістерінен көмек болмағанда антиаритмиялық дәрмектерді келесі реттілікпен қолданады: калий дәрмектерімен бірге АТФ—ты 1% ерітіндісінің 1—2 — 4 мл вена ішіне бір өзін| ағызып енгізеді (түйіндік тахикардияда ең жақсы әсер етеді), ол әсер етпесе — верапамил 2,5% ерітіндісінің 4 мл бір өзін вена ішіне баяу енгізеді (минутына 0,4 мл), ол әсер етпесе -новокаинамидтің 10% ерітіндісінің 10мл физиологиялық ерітіндінің 10 мл-не қосып венаға енгізеді.
Жүрек шамасыздығы болса — тахикардия ұстамасын басу үшін жүрек гликозидтерін қолданған тиімді (дигоксин 0,025% — 1 мл, строфантин 0,05% — 0,5 (1 мл). Бірақ, WPW синдромында қарыншалар фибриллциясының даму қаупінен, гликозидтерді қолдануға болмайды. Оның орнына ритмилен, аймалин, этацизин, этмозин ритмонормды пайдаланады.
Пароксизмдік тахикардияның салдарынан және антиаритмиялық дәрмектердің әсерінен артериялык қысым күрт төмендеуі мүмкін. Мұндайда норадреналин 0,1%- 1 мл немесе мезатон 1% — 0,5 мл вена ішіне тамшылатып енгізеді.
Дәрмектік ем әсер етпесе жүрекшеішілік электрокардиостимуляция немесе электрлік дефибрилляция жасалынуы тиіс.