Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Орындаған: ФМО 103-топ, Жунусова Аима 3 аптаның 3 сұрағы: Мәдени код. Мәдени код түсінігін анықтаңыз,талдаңыз Мәдени код – мәдениетті анықтауға көмектесетін белгілердің жиынтығы. Мысалы, фильмдегі көрініс шартты түрде Париж екенін көрсету үшін режиссерлер дәл ұлттық мәдени код элементтерін пайдаланады. Сізге шарап пен багет салынған екі адамға арналған үстел көрсетіледі, күннің батуы аспандағы түстермен ойнайды, ал сахна артында - Морис Ларканждың музыкасы, Эйфель мұнарасын көрудің қажеті жоқ. батырлар енді Елисей даласымен серуендеуге немесе Луврды тонауға барады.Мәдени кодтың екі түсіндірмесі де тыныш қатар өмір сүріп, бірін-бірі толықтырады. Демек, мәдени код сөйлеу сипаттамаларынан, символдардан, ассоциациялардан, стереотиптерден және мінез-құлық нормаларынан тұрады деп айта аламыз. ДНҚ молекуласы ретіндегі мәдени код Мәдениеттанушылар мәдени код шекті құндылық емес деп есептейді. Ол қоғамның өткен мәдени тәжірибесінен тұрады, ақпарат жиналып, бұралып, ДНҚ молекуласындағыдай түпкілікті мәдени өнімге оралады - бізге кітап болсын, фильм болсын немесе тәуелсіз өнім ұсынылатын сияқты. тіпті жарнамалық бейне, бірақ ол бір рет шығарылған нәрсеге сілтемелермен толтырылады. Бұл кітаптарға, фильмдерге немесе саяси баяндамаларға тікелей сілтемелер болуы міндетті емес, бірақ олар жанама түрде болуы мүмкін.Сонымен, әртүрлі аумақтық, кәсіби және гендерлік қоғамдар үшін мәдени кодтың мысалы және жинақы тасымалдаушысы клиника, секс және қала, кеңсе, Симпсондар немесе ресейлік «Универ» телехикаясы сияқты сериалдар болуы мүмкін. Оларда сіз қоғамдастықтың белгілі бір түріне тән негізгі жағдайларды таба аласыз. Сондай-ақ мәдени кодтың бір бөлігі болып табылатын негізгі реакциялар және кейіпкерлердің бір уақытта қолданатын мазмұны - оларды қандай жаңалықтар мазалайды, олар шынайы көрермендермен бірге қандай премьераларды күтеді.Мәдени кодексті қалай оқуға болады? Басқа топтағы адамдармен сөйлескенде (немесе түпнұсқа тілде фильм көргенде) бірдеңені дұрыс түсінбеу үшін ғана мәдени кодты түсіну керек. Кейде шығармалар мен адамдарды жақсы түсіну үшін толыққанды тарихи-мәдени зерттеулер жүргізу керек, бірақ көп жағдайда бірнеше қарапайым амалдарды қолдануға болады. 2 сұрақ:Миф рәміздері. Дін рәміздеріннің мазмұнын анықтап айқын талдаңыз. Діни рәміздерді зерттеудегі маңызды мәселелердің бірі – олардың тарихи эволюциясы болып табылады. Ежелден алғашқы діни наным-сенімдер негізінде қалыптаса бастаған діни рәміздер діни сананың сұранысына сәйкес бірнеше тарихи даму кезеңдерінен өтті. Діни рәміздердің эволюциясын зерттеуде өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын екі ұстанымды басшылыққа алған жөн. Олар: құрылымдық және функционалдық. Құрылымдық ұстаным бойынша діни рәміздердің эволюциясы екі жолмен жүруі мүмкін: біріншіден, формасы өзгереді, ал мазмұны (мысалы, алуантүрлі астральдық (аспан денелерімен байланысты), солярлық (күнмен байланысты) және өсімдік символдары) өзгеріссіз қалады; екіншіден, мазмұны өзгереді де, формасы (крест, ромб, үшбұрыштың және т.б. геометриялық символдардың күрделі эволюциясын айтуға болады) сол күйінде қалады.Бұл мәселені зерттеу көрсететіндей, форманың өзгерісі негізінен шіркеулік канондардың талабына байланысты, діни ілімдерді жаңғырту үдерісінде немесе рәміздердің бір діни жүйеден екіншісіне өтуі кезінде орын алады. Мәселен, христиан үштігі мәнінің символдары (көз – құдайәке, агнец – құдай-бала, көгершін – қасиетті рух) уақыт өте антропоморфты көрініске ие болып, бастапқы түсініктерімен бір қатарда өмір сүріп келеді. Орта ғасырларда раушан гүлі Дева Мария символының формасы ретінде христиандықта лала гүлін ығыстырып шығарды.Бұдан басқа, қазіргі заманда шіркеу дағдарыстан шығып, жастар арасында өзінің ықпалын күшейту мақсатында діни өнерде, сәулет өнерінде және тағы басқаларда модернистік ағымдарды қолдап келеді. Бұл ретте діни рәміздердің сыртқы формаларының уақыт талабына және де қазіргі адамдардың эстетикалық талғамдарына сәйкес жаңғыруы осындай рәміздер мазмұнының идеялық бағыттылығын сақтауға және олардың діни қызметін күшейтуге жұмыс жасауы тиіс. Негізінен эволюцияның екінші бағыты маңызды болып табылады, өйткені, рәміздің ерекшелігі оның мазмұнымен айқындалады. Яғни, символданатын мағынаны оның секуляризациялану бағыты бойынша қайта пайымдау рәміздің діннен қоғамдық сананың басқа формаларына көшуіне алып келеді.Сонымен, діни рәміздердің эволюциясының негізгі үрдістерін қарастыра келе бірқатар қорытындылар жасауға болады. Біріншіден, діни рәміздер өзінің эволюциялық даму тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Алдымен архаикалық сананың бастапқы сатысында табиғаттың тылсым күштерінің кейіптеліп, бейнеленуі нәтижесінде рәміздің алғышарты және бастапқы формасы ретінде рәмізалды рәміз (предсимвол) қалыптасты. Уақыт өте келе алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы түсініктері күрделене түсті. Ежелгі мифологиялық бейнелер біртіндеп зооморфтық сипатынан айырылып, құдайлар мен аруақтардың антропоморфты бейнелеріне айналды. Тылсым күштер образдарының қалыптасуы дүниенің шынайы және адам санасынан тыс дүние болып бөлінуіне алып келді. Бұдан былай пұтқа құрбандық шалу басталды. Сәйкесінше, мифологияның діни жағы дамыды. Бұл үдерістер діни символдардың «екінші қабатының» (прасимвол) қалыптасуына алып келді.Қазіргі біздің түсінігіміздегі діни символдар орта ғасырларда шіркеу мен дін қызметкерлерінің ежелгі символдар (предсимвол) мен «халықтық символдарды» (прасимвол) заман талабына сай, өз мүдделеріне сәйкес икемдеп, трансформациялауының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ бұл өзгерістер түбегейлі, көлемді болды деп айта алмаймыз. Дін өкілдерінің өзі әлсін-әлсін халықтың үйреншікті діни санасына, рухани құндылықтарына қайта оралып отырды. Олай болмаған жағдайда жасанды символдарды халық бұқарасы қабылдамады. Сонымен қазіргі діни символдар бұл ежелгі символдар мен халықтық символдардың жиынтығы, синтезі деуге толық негіз бар. Бұл ретте, діни символиканы материалдық, сөздік және бейнелеу таңбасының құрайтындығын ескерген жөн. Біз айтып отырған діни символдардың мазмұндық, формалық өзгерістерінің барлығы осы үшеуін де қамтыды.