Орындаған: Гайбулла Гулрух Тобы: фақ-111A Қабылдаған


Сопылықтағы болмыс мәселесі



бет2/3
Дата11.03.2023
өлшемі27,39 Kb.
#73344
1   2   3
Байланысты:
Гайбулла Гулрух ФАҚ-111А тобы ЯСАУИТАНУ2

Сопылықтағы болмыс мәселесі
Болмыс мәселесі адам баласының санасын сансыратқан сұрақтардың басында келеді. Философия бұл мәселені ақыл арқылы яғни, рационалдық тұрғыдан шешуге тырысады. Болмыс мәселесін сопылық дүниетаным «Трансцендентальды ақыл» (латын тілінен - transcendere - атап өту), арқылы қарастырып жауабын да ақыл жолымен түсіндіреді. Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Солылық дүниетанымда болмыс туралы әртүрлі қалыптасқан түсініктер бар. Болмыс қалай пайда болды? Болмысты кім жаратты? Болмыстың көрінбейтін қыры болып табылатын рухтың мәні не? Заттың негізі мен мәні? Сопылық дүниетанымда болмысты жаратқан, тірілтіп жан берген ұлы Алла Тағала. Ол бар және бір. Оның жаратқандары да бар. Барлықтың бәрін бір Алла жаратқан. Жаратқан иемізге де жаратылғандарға да бар дейміз. Дегенмен бұл екі болмыс мәні жағынан өзара тең емес. Алланың болмысы шексіз ақиқатты білдіреді. Алланың болмысының қасында жаратылғандардың болмысы жоқ сияқты. Мысалы, Адам мен оның көлеңкесі арасындағы айырмалылықты, Тәңір мен адам болмысы арасындағы айырмашылық арқылы түсіндіруге болады. Біз көлеңкелерге де, ол көлеңкелердің иесіне де бар дейміз… Ал, адам мен оның көлеңкесінің болмысы бір ме? Екі болмыс бір-біріне ұқсай ма?Алланың барлығы біздің, болмысты ұғынуымыздан жоғары тұрған ұғым. «Екі болмыс» қосылғанда көлеңке жоғалады немесе “жоқ” сияқты көрінеді. Бұл жердегі мысал 5 сезім мүшелеріміздің мүмкіндіктермен шектеулі әлемнің феномендік ақиқаттарының ықпалындағы ақылымызға сыймайтын құбылыс сияқты көрінгенмен сезімдер мен феномендер әлемінің шекарасынан асатын ақыл үшін ақиқаттың айқын екендігі мәлім. Мысалы, қай жерде, қалай тұрсақ та қоршаған әлемде бағыттарға қатысты құбылыстарды “жоғары-төмен” ұғымдармен анықтаймыз. Бұл ұғымдар осы феномендер әлем үшін шындық. Терезеден төмен қарай қарағанымызда ол жақтың төменгі жақ екендігін білеміз. Және өзімізді төмен қарай ешқашан тастамаймыз. Енді өз - өзімізді бұл әлемде емес, ғарышта деп есептейік, сонда әлгі феномен әлемі үшін қолданылатын «жоғары - төмен» бағыт ұғымдарын қалай анықтауға болады? Біз үйреншікті әдетімізбен бас жақты - жоғары, ал аяқ жақты төмен деп ұғыныуымыз мүмкін. Болмыстарды жаратқан ұлы болмыс- Алла. Ол шексіздік. Оның жауһары мен мәнін ұғуымыз мүмкін емес. Ол қалай ойлауымызға, қалай түсінуімізге байланысты. Мысалы қарапайым шопанның түсінігінде Алла, үсті - басын тазалап, киімдерін жамап беруге болатын, сүт беріп тойдырып, құрмет көрсетілетін болмыс, ал кемел суфи үшін Алла, қанша шексіздік, тереңдік иесі болмыс болғанымен оның кішкентай жүрегіне сыйып кететін нұр. Алла болмыстарды өзінің сипаттары мен есімдерінің “нұры” арқылы жаратқан. Яғни болмыстың негізі-нұр. Осы нұрдан қуаттар, қуаттардан да материяға ауысу процестері нәтижесінде феномендер әлемі пайда болған. Демек болмыстың негізі де бір, жауһары да бір. Феномен - (грек. Phairomen - болып табылатын) бізге тәжірибеде берілген, сезім мүшелерінің көмегімен түсінілетін құбылысты білдіретін ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет