Орындаған: Гайбулла Гулрух Тобы: фақ-111A Қабылдаған


Сопылықтағы нәпсі тәрбиесі



бет3/3
Дата11.03.2023
өлшемі27,39 Kb.
#73344
1   2   3
Байланысты:
Гайбулла Гулрух ФАҚ-111А тобы ЯСАУИТАНУ2

Сопылықтағы нәпсі тәрбиесі
Ясауи өз хикметтерінде "нәпсі" бәлекеттің зардаптарын:
Дүние-нәпсі талиб болып іштей жүрдім,
Әміріне құлақ бермей хақ жолына көзді жұмдым.
Нәпсі шайтан тұтқын қылды адамзатты
Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болады.
Нәпсің сені ақыр демде кедей қылар
Өлеріңде иманыңнан жұрдай қылар - деп айқын түсіндірген. Жалпы Ясауи үшін нәпсі адамның надандығының жақсы мен жаманды ажырата алмауының, имансыздығы мен құмарлығының басты себебі. Құранда “нәпсі" сөзі тәңірдің заты “адам рухы", "қалб, көкірек", "адам тәні”, “тән мен берік рух", адамды азғыратын секілді сегіз түрлі мағынада қолданылған. Ясауи үшін нәпсі ақиқатқа, мәнге барар жолдағы кедергі немесе асуды білдіретін ұғым. Оның ішінде нәпсі адамның адамдық санатын жоятын ішкі психологиялық аурудың сыртқы қоғамдық өмірдегі көріністер түрінде берілген. Ясауи өлім теориялық, философиялық жиынтығы емес, ар түзейтін ғылым болғандықтан нәпсіні практикалық тұрғыдан танытады. Ясауи атамыздың нәпсі мәселесіндегі көңіл кірлері ретінде сақтандырған дүниеқұмарлық және сол сияқты қисаптар, бүгінгі жас қоғамымыз үшін де өте қауіпті құбылыстар.
Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикметтер
Осы жолға ей бауырым пірсіз кірме,
Хақ жадын іске алудан ғапыл жүрме
Тәңірден басқасына көңіл берме
Шайтан лағниет өз жолына салар достар
Пір ризасы хақ ризасы болар достар
Хақ тағала рахметінен алар достар
Риязатқа сыр сөзінен білер достар
Ондай құлдар хаққа жуық болар достар
Ясауи атамыз сопылық жолға пірсіз кірмегендердің шайтанның жолына түсіп кетуі мүмкін екендегін ескерткен. Сопылық жолға түскендердің әр істе хақты еске алып, көңілінде одан басқа нәрсеге орын бермеу керек. Көңілінде Алладан басқа нәрсенің болмауы дегеніміз оның еңбектенуінен өмір сүруден адамдарды сүюмен кез-келген сүйіспеншіліктен бас тартуы емес көңілдің мұраты Аллаға жету. Пір осы қиын жолды шәкіртіне жол сілтейді, мұндай пірі болған адамның жолы жеңіл болады.
Сопылық сондай ма ежді дайым ісім қапыл болған
Жалғыз тәспі қолында тіл деген ғайбат болған
Қырық қабат сәлде орап, тексіз нәпсі ергенің
Сыртың сопы болғанмен, өзің сопы болмадың
Сопылық шарты дейді түндер бойы қан жылаған
Әр қорлыққа сабыр тілеп белін бекем байлаған
Талабы Алла - болып әр жақсы сөзді сөйлеген
Сыртың сопы болғанмен өзің сопы болмадың.
Сопылық жолы адамды мұратқа жеткізетін, бірақ өте қиын жол. Бұл жол шәкіртті осы жолмен жүріп өткен жол көрсетуші деген куәлігі бар кесіл пірлер арқылы мақсатқа жеткізеді. Осы жолдың ұстаздарына пір муршид немесе “шайх” дейді. Сопылық жолына пірсіз түсуге болмайды. Кемел адам дегеніміз осы жолдың қыр-сырын білетін өз рухани арылу жолшылығын бітірген, діннің ішкі-сыртқы жағын әбден меңгерген адам. Ол сені жолға салып, бақылап, қауіп қатерден сақтандырып, өскертіп отырады. Қорытындылай келсек, сопылық жолында кемел ұстазы жоқ адамның алға тайып, "құздардан" құлауы ғажайып емес. Сопылық жолындағы қателіктердің бірі "жолды" мақсат санау болып табылады. Жол дегеніміз тұрақтанушы емес, керісінше жеткізуші, ұластырушы. Сопылық жолында "болдым талдым” енді басқаларды "болдырам" деп салдырап жүрген жетілмеген да аз емес. Әйтседе мұндай құбылыстарға қарамастан сопылық жолы жалғасып келеді. Ол шынайы да қажетті жол. Адамның рухани жетілу жолы. Сопылық діннің мәні шариғаттың жемісі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • Иасауи Қожа Ахмет. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы) / Жинақты баспаға əзірлеп, қазақшаға ауд.: М.Жармұхамедов, С.Дəуітұлы, М.Шафиғи. — Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу жəне баспа орталығы, 1993. — 262 б.

  • Кенжетаев Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны. Филос. ғыл. док. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2007. – 259б.

  • kazislam.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет