Орындаған: Ильяс Сымбат Тобы: мек213 Қабылдаған



Дата25.11.2023
өлшемі21,64 Kb.
#127725
түріРеферат
Байланысты:
СӨЖ5 МЕК213 Ильяс Сымбат




Реферат
Тақырыбы: Жасанды интеллект технологиялары

Орындаған: Ильяс Сымбат
Тобы: МЕК213
Қабылдаған: Шармуханбет Салтанат

Алматы, 2022


Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қаблетін әртүрлі машиналарда іске асыру, оларды дербес ойлай алатын ету дегенге саяды. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді:
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.
Сонымен, қазіргі жасанды интеллект төңірегіндегі ғалымдар жасанды нейронды жүйені құруды көздеп отыр. Асылы, ғалымдар неге жасанды интеллектінің дәл адам санасының көшірмесі болғанын қалайды? Жауабы оңай әрі қарапайым. Адам баласы өзінен басқа ақылды тіршілік иесін білмейді. Сондықтан, өнімі де өзіне ұқсаған болғанын қалауы логикаға келіп-ақ тұр.
Қазіргі таңда ғалымдар жасанды интеллект мүмкіндіктерін бір функциямен шектемей, адам санасы сияқты білім жинау, анализ жасау, мәселе шешу, жоспарлау, болжау және үйрену сынды функиялармен толықтыруға тырысып жатыр. Сол себепті де, жасанды интеллект нейрон жүйесі (Neural Networks), эволюциялық есептеу (Evolutionary Computation), эксперттік жүйе (Expert Systems), дыбыс жазу (Speech Processing) және машиналық ойлау (Machine Learning) сынды салаларға бөлінген.
Стэнфорд университетінің AI Index жобасының есебінше, жасанды интеллектінің дамуына 2020 жылы әлем бойынша 40 миллиард АҚШ доллары инвестиция жасалыпты. Бұл нарық жыл өткен сайын өсіп келеді. Бұл бағыттағы әлемдегі ең үлкен екі бақталас ел ретінде АҚШ пен Қытай жасанды интеллектіні әскери күште, қауіпсіздікте, қоғамдық тәртіпте пайдалануға әсіресе тырысып жатыр. Мысалы, Google АҚШ Қорғаныс министрлігінің автономды әскери дрон жобасына көмектескені үшін сынға қалса, Қытай үкіметі азаматтарын толық бақылау арқылы олардың әр әрекетіне баға беру, мадақтау немесе сөгу механизмін (Good Citizen Initiative немесе Social Credit initiative) жасаймын деп сыналып жатыр. 2017 жылы Қытайдың коммунистік үкіметі Кэ Цзенің жасанды интеллект бағдарламасына ұтылғанын көрген соң, бұл саланың болашағы аса үлкен екендігіне көз жеткізіп, түрлі жобаларды жаппай қаржыландыруды бастап жіберді. Небәрі үш жылда Қытай жасанды интеллект саласына инвестиция құю бойынша әлемде бірінші орынға да шығып үлгерді. Қытайдың жасанды интеллектіге назары жайлы Кай Фу Ли есімді әйгілі компьютер ғалымының “Жасанды интеллектіні құрықтаған супердержавалар” атты еңбегінде тамаша түсіндіріледі.
Не жасанды интеллекттің мысалы күнделікті өмірде біз мыналарға сілтеме жасай аламыз:

  • үйді автоматтандыру (интеллектуалды ауаны баптау, шамдар мен құрылғыларды қосу және өшіру бағдарламалау және т.б.);

  • автономды көлік құралдары;

  • Google Assistant, Siri (Apple) немесе Alexa (Amazon Echo) сияқты дауыстық көмекшілер және басқалар;

  • Google болжамдық сөздігі;

  • бейнені тануға арналған бағдарламалық жасақтама;

  • қауіпсіздік пен алаяқтықты бақылау бағдарламасы;

  • әдеттерді талдау бағдарламалық жасақтамасы;

  • цифрлық маркетингтің болжамдары;

  • жаңалықтарды, музыканы, фильмдерді, сериалдарды және т.б. тұтынуға арналған болжамдар мен ұсыныстар

Жасанды интеллекттің ерекшеліктері


  • Қоршаған ортаға қол жетімді ақпаратқа реакция жасау мүмкіндігі;

  • Есте сақтау және нақты тәжірибелерден сабақ алу;

  • Нақты мәселелерді шешу мүмкіндігі;

  • Бейімделу;

  • Сенсорлық қабылдау қабілеті (есту, көру, тактиль);

  • Басқару мүмкіндігі, яғни оны қолдану үшін тұтас және айқын инфрақұрылым;

  • Төзімділік, яғни оңтайландыру қабілеті;

  • Жақсы өнімділік, яғни үлкен көлемдегі ақпаратты тиімді өңдеу мүмкіндігі;

  • Өнімділікті анықтау және болашақ инвестицияларды жасау үшін өлшенетін сипат.

Жасанды интеллект – әлемдегі жаңа төңкеріс алып келетін сала. Оның қамтымаған секторы жоқ. Осыдан он жыл бұрын адам күшін қажет ететін жұмыстарға бүгінде робот күші жегілді. Әзірге роботтың мүмкіндігі пайымдау және сыни ойлау мүмкіндігіне ие емес. Сондықтан роботтар юриспруденция, журналистика және компьютерлік бағдарламалау сынды салаларды игере алмайды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет