Орындаған: Қиса Ғайша Заттық –тәжірибелік оқыту сабағының пәнаралық байланысы Заттық-тәжірибелік оқыту



Дата14.01.2023
өлшемі8,34 Kb.
#61280
Байланысты:
Орындаған Қиса Ғайша Заттық –тәжірибелік оқыту сабағының пәнара-kzref.org


Орындаған: Қиса Ғайша Заттық –тәжірибелік оқыту сабағының пәнаралық байланысы Заттық-тәжірибелік оқыту
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тексерген: Махметова А.А.
Орындаған: Қиса Ғайша
Заттық –тәжірибелік оқыту сабағының пәнаралық байланысы
Заттық-тәжірибелік оқыту (ЗТО) – бұл арнайы оқу пәні. Ол дайындық курсына және 1-4 сыныптарға, 1-ші және 2-ші түрдегі түзету мектептеріне дамытушылық, тәрбиелік, түзетушілік және оқыту тапсырмаларын қарастырып, дамыту үшін енгізілген.
ЗТО – бұл естімейтін балаларға арналған мектептің дамытушылық, тәрбиелік, оқыту және түзетушілік функцияларын бір уақытта атқаратын арнайы оқу пәні.
Заттық –тәжірибелік оқыту пәні
1.

    • жоспарланған ойлау қабілетін дамыту

2.

    • естімейтін оқушылардың сөздік қарым-қатынасын қалыптастыру шарттарын құру

3.

    • еңбектік және ұжымда жұмыс істей алу қабілеттерін қалыптастыру

Бұл жаңа оқыту пәнінің міндетіне:
ЗТО сабақтарында оқушылар әр түрлі заттық-тәжірибелік іс-әрекет түрлерімен айналысады.
жабыстыру
аппликация
модельдеу
құрастыру
макет
Бұйымды жасау барысында балалар қоршаған ортаны таниды және оларда әр түрлі қабілеттіліктер пайда бола бастайды, сөйлеу іс-әрекеті қалыптасады. Қалыпты сөйлеу балалардың еңбегін ұйымдастырады, ол көмекші құрал ғана емес, сонымен қатар оқытудың мақсаты болып та табылады.
Нақты сөздік материалдар арқылы сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру ЗТО сабақтарында басталып, сөйлеу тілін дамыту, ана тілі және басқа да оқу пәндері сабақтарында жалғасады. Өз кезегінде сөйлеу тілін дамытудағы сөздік материалдармен жұмыс ЗТО сабақтарына өтеді.
Оқушылар әр түрлі жұмыс түрлерін жасайды: сурет салады, аппликация, макет жасайды, жабыстырады, мозайка құрастырады; схема, таблица, диаграмма құрастырады және т.б. Сонымен қатар барлық іс-әрекет түрлері сөзбен айтылып отырады.
ЗТО сабақтарында балалар жаңа заттардың аттарын, объектілерді, жасағалы жатқан бұйымдарын, материалдарды, инструменттерді, іс-әрекетті, сапалығын, әр түрлі фраза түрлерін біле түседі. Барлық сөздік материал іс-әрекет барысында меңгеріледі және соғұрлым жақсы есте сақталады. Көбіне, жағдайдың өзі балаларға жаңа сөздердің мағынасын көрсетіп отырады.
Альбом жасау барысында: «Түс бөліктері» балалар бірнеше рет сабаққа қажетті сөздік жасайды. Олар карта мен атласты қарап шықты. Түс бөліктерін біліп және атап шықты. Содан кейін жұмысты жоспарлады. (Біз альбом жасаймыз. Бірінші бетінде Европаның суреті тұрады... және т.б.). Содан кейін жабыстырды, әрқайсысына өз бет сандарын жазды, бір-бірінікін тексерді. Соңында жасалған жұмыс жайлы баяндады. (Біз альбом жасадық. Мен Европаның суретін жабыстырдым. Рита .... жабыстырды және т.б.).
Содан кейін бұл жұмыс табиғаттану сабағында жалғасады. ЗТО-ның басқа да пәндермен байланысы өте маңызды (математикамен және грамматикамен). Макет жасау барысында: «Жазықтықтар және таулар» балалар биік тауларда қар жататындығын, ал аласа тауларда көптеген өсімдіктер болатындығын естеріне сақтап алды (материал іс-әрекет барысында меңгеріледі).Олар макетте жазықтық бар екенін, онда өзен ағып жатқандығын, өзеннен кейін көпір бар, ары қарай үйлер тұр, ал үйлердің артында орман бар екендігін көрсетіп және айтып берді. Алда грамматика бойынша жаттығу күтіп тұр. Онда сөз қою керек(үйлерді неден салады?).Олар үйлерді неден салатындығын білді (кірпіштен, бетоннан,және т.б.), ал сыныпта үйді картоннан немесе пластилиннен жасайды. Грамматикада сөйлем құрастырады, ол сөйлемдерден негізгі сөз таптары мен толықтауышты табады.
ЗТО сабағы естімейтін оқушылардың жалпы сөйлеу тілін қалыптастыру жұмыстарында маңызды болып табылады. ЗТО сабақтарында естімейтін балалардың сөйлеу тілінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, тәрбиелеу үшін жағдай жасалады.
Естімейтін балаларға арналған мектепте ЗТО пәнінің пайда болуының өз тарихы бар. Дидактикалық оқыту ортасынан, тәжірибелік жұмыс түрінен ЗТО арнайы сабақ түріне айналды. Ол бүкіл оқыту және тәрбиелеу үрдісіне айтарлықтай өзгерістер әкелді.
Көпжылдық зерттеу нәтижесінде заттық-тәжірибелік іс-әрекетті кеңінен қолдана отырып естімейтін балаларды оқыту үшін жаңа дидактикалық жүйе құрылды. Бұл жүйенің ары қарайғы жұмысы оқыта-тәрбиелеу үрдісінің проблемаларын шешуге көмектесті. Яғни, ол сыныптар қосу арқылы мектептің құрылымын өзгерту, есту қабілеті бұзылған балалардың орта білім алуларына мүмкіндік жасау.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
http://kzref.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет