Орындаған: Жақан Манат Тобы: кя-801 Семей 2019 ж



бет5/6
Дата19.02.2023
өлшемі36,63 Kb.
#69296
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орында ан Жа ан Манат Тобы кя-801 Семей 2019 ж

Түсіну.Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсі.
Қолдану.Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау.Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Жинақтау.Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Бағалау.
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Топтық, топтық – жеке және жұппен жұмыс диспуттар мен пікірталастар тағы басқаларын қолдану –оқытудың міндетті шарты болып табылады[2]. Мұнда деңгейлік әдістер де қолданылады. Үшінші деңгей – білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар «жеңілдетілген» стандарт материалдары, екінші деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар, бірінші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интелектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар, яғни стандарттан жоғары тапсырмалар [3]. Оқушылар кез-келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғары деңгей тапсырмаларын орындауға көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет