Орындаған: Жамал Дастан 1-016 ом



бет3/6
Дата24.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#125409
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жамал Дастан 1016ОМ-1 (1)

МОРУЛА
БЛАСТУЛА
Бластула - бұл бір қабатты құрылымы бар көп жасушалы эмбрион, көптеген жануарлардың жұмыртқалары өтетін эмбрионның даму кезеңі — жұмыртқаны ұсақтау процесінің соңғы нәтижесі. Бластула қабырғасы гистологиялық сипаты бойынша эпителий қабаты болып табылатын полигональды дерлік, бірдей жасушалардың өзара қысымына байланысты бір-біріне тығыз жабысатын бір қабаттан тұрады; бұл эпителий қабаты бластодерма деп аталады және одан әрі дамыған кезде ұрық қабаттарын тудырады.
Гаструляция
Гаструляция (лат. тілінен gaster асказан) - жасушалардын дифференциялануы мен бағытталған орын ауыстыруымен, көбеюімен және өсуімен бірге жүретін химиялық және морфогенетикалық өзгерістердін күрделі үдерісі, мұнын нәтижесінде ұрық жапырақшалары: біліктік мүшелердің кешені мен тіндердің эмбрионалдык бастамаларынын даму көздері сырткы (эктодерма), ортанғы (мезодерма) және ішкі (энтодерма) пайда болады.
Адамда гаструляция екі сатыда жүреді. Бірінші сатысы (деламинация) құрсақішілік дамудың 7-ші тәулігінде, ал екінші сатысы (иммиграция) 14–15-ші тәулігінде өтеді.
Деламинация (лат. тілінен lamina табақша) немесе жарылу кезінде ұрық түйінінің материалынан (эмбриобласттан) екі жапырақша пайда болады: сыртқы жапырақша эпибласт және бластоцистаның қуысына қарап орналасқан, ішкі гипобласт. Эпибласт жасушаларының пішіні жалған көпқабатты призмалық эпителий тәрізді. Гипобласт жасушалары текшелі, цитоплазмасы көпіршіктенген, эпибласттын астында жұқа қабатты қалыптастырады. Эпибласттың жасушаларының бір бөлігі кейін, 8-ші тәулікте қалыптаса бастайтын, амниондық көпіршіктің қабырғасын құрайды. Амниондык көпіршіктің түбі аймағында эпибласт жасушаларының шамалы тобы Ұрықтың денесі мен ұрықтан тыс мүшелердің дамуына қолданылатын материал қалады.
Иммиграция – жасушалардың орын ауыстыруы жолы- мен (иммиграциясымен) өтеді. Жасушалардың орын ауыстыруы амниондық көпіршіктің түбі аймағында анықталады. Жасушалардың көбеюінің нәтижесінде алдынан артқа, ортаға және ішіне карай көшетін жасушалардың бағыттары пайда болады. Бұл алғашқы жолақтың пайда болуына әкеледі. Бас бөлімінде алғашқы ұрық жолағы қалыңдап, біріншілік немесе бас, түйінін құрайды, одан кейін бас өсіндісі бастама алады. Бас өсіндісі эпи- және гипобласттардын арасында краниальды бағытта өседі және кейін эмбрионның осын анықтайтын, осьтік қаңқа сүйектерінің даму негізі болып табылатын, ұрықтың хордасының дамуына бастама береді. Келешекте хорданың айналасында омыртқа бағанасы қалыптасады.
Органогенез
Эмбриогенез барысында ұрықтан тыс мүшелер ұрықтың денесінен тыс дамып, ұрықтың дамуы мен өсуін қамтамасыз ететін көптеген кызметтерді атқарады. Ұрықты қоршайтын бұл мүшелердің кейбіреуін ұрық қабықшалары деп те атайды. Ол мүшелерге амнион, сарыуыз қапшығы, аллантоис, хорион, плацента жатады.
Амнион - ұрықтың дамуы үшін сулы ортаны қамтамасыз ететін, уақытша мүше. Ол эволюция барысында омыртқалы жануарлардың судан құрғаққа шығуына байланысты пайда болды. Адам эмбриогенезі барысында ол гаструляцияның екінші сатысында эпибласт құрамында кішкентай көпіршік түрінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет