жакыннан әрекеттесуі және аналық жыныс жасушасынын белсенділігінің артуы;
сперматозоидтың аналық жыныс жасушасына кіруі және олардың бірігуі сингамия.
Бірінші фаза -Алыстан әрекеттесу хемотаксиспен жыныс жасушаларының кездесу мүмкіндігін арттыратын, ерекше факторлардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұнда гамондар – жыныс жасушалары бөлетін химиялық заттар маңызды қызмет атқарады.
Екінші фаза -Жақыннан әрекеттесу. Көптеген спермиялар аналық жыныс жасушасына жақындайды және оның қабықшасымен байланысады. Минутына 4 айналым жылдамдығымен аналық жыныс жасушасы өзінің осін айнала қимылдай бастайды. Бұл қимылдарға сперматозоидтардың құйрығының соққылауы себепші болып, ол шамамен 12 сағатқа созылады.
Үшінші фаза -Овоплазмаға спермияның басы және кұйрығының аралық бөлімі кіреді. Аналық жыныс жасушасына сперматозоид кіргеннен кейін овоплазманың шеті тығыздалады (зоналық реакция) және ұрықтану қабықшасы пайда болады.
Сүтқоректілерде шамамен 12 сағатқа созылатын, аналық және аталық пронуклеустердің қосылуынан зигота - бір жасушалы ұрық пайда болады. Зигота сатысында бластуланың сәйкес аймақтарынын даму көзі ретінде презумптивті аймақтар (латын тілінен presumptio мүмкіндік, жорамал) анықталады, кейін олардан ұрық жапырақшалары қалыптасады. Бөлшектену Бөлшектену – жаңадан пайда болған жасушалардың аналық жасушаның көлеміне дейін өсуінсіз өтетін, зиготаның жасушаларға дәйекті түрде митоздық бөлінуі. Митоздық бөлінудің қалған барлық сатыларын өтіп, зигота екі жаңа жасушаларға – бластомерлерге бөлінеді. Морула - Бұл эмбрионның ерте эмбриональды даму кезеңі, ол зиготаның ұсақталуының аяқталуынан басталады. Морула жасушалары гомобластикалық түрде бөлінеді. Бірнеше бөлінуден кейін эмбрионның жасушалары тұт жидегіне ұқсайтын сфералық құрылымды құрайды. 3-ші тәуліктен бастап бөлшектену жылдам өтеді және 4-ші тәулікте ұрық 7-12 бластомерлерден тұрады. 50-60 сағаттан кейін жасушалардың тығыз жиынтығы морула пайда болады.