Ластану дегеніміз кез келген табиғаттың процесінен және табиғи ортаға тән емес антропогендік әрекеттен пайда болған физикалық, химиялық және биологиялық агенттердің түсіуі. Тікелей ластанатын нысандарға: атмосфера, су және топырақ, ал жанама ластанатын нысандарға биценоздарды құрайтын өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер және адам организмі.
Ластаушы ингредиттердің ішінде мыңдаған химиялық қосылыстар, металдар мен оксидтер, улы заттар мен аэрозольдар бар. Қалдықтардың шығатын түрлі көздері ластанушы заттардың құрамы мен сипаты жағынан бірдей болуы мүмкін.