Өнеркәсіптік роботтардың жіктелуі мен қолданылу аймағы Өнеркәсіптік роботтар жинақталын автоматтандырылған өндірістік процестің әмбебапты құралы болып табылады.
Өнеркәсіптік робот манипулятор түрінде тұракты жылжымалы автоматты машина болғандықтан, бірнеше қозғалыс дәрежесіне тұрақты бағдарламалармен өзгертіліп, жаңаша бағдарламалы құрылым ретінде өнеркәсіп процесінде қозғалыс және басқарушы қызмет атқарады. Қазіргі кезде өнеркәсіпті робот өндірісті техналогиялық ( құмсебу арқылы өндеу лактау жинау және т.б) және қосымша операциялар (процестерді балғаларды темір кесетін білдектерді күту, артып тиеу және жүк козғалысын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Сондай-ақ өнеркәсіптік робот өндірісті техналогиялық жетілдіру, білдектердің өнімділік тиімділігі арттыру және жұмыс күшін азайтуға мүмкіндік туғызады.
Металкескіш жабдықтауды автоматтандыру кезінде ӨР көмегімен дайындаманы білдектің жұмыс бетіне орнатамыз, дайындаманы білдектен тартуына (жинақтауыш) және дайындаманың білдектен білдекке берілуіне, дайындаманың үдіріс кезінде дөңгелете өңдеуді, дайындаманың және бейімдеменің негіздік бетінің кедір-бұдырлығына және аспаптан ауысуы кезінде негізгі рөл атқарады. Алайда, ӨР игерішін қолдану үшін технологиялық операцияның немесе күтудің орындалуы технологиялық жабдық жасауға қажетті арнаулы жабдықтауды да ескергеніміз жөн. Бұл ретте өндірістегі ұйымдастыру жұмыстарына жоғары талап қойылады, демек дербес жағдайда дайындамалармен қамтамасыз етуге, соңғы дәлдік сапасына айрықша мән беріледі.
Өнеркәсіптік роботтардың ақпараттық мүмкіншіліктеріне байланысты төмендегідей үш кезеңге бөлінеді:
1-кезеңдегі роботтар(дағдыланған) машинажасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Олар танығыштық пен бағдарламаларды есте сақтау қабілетіне орай түрлі операцияларды орындауға қабілетті. Осы жұмыстарды орындау барысында жұмысшы ортада шектеулі мүмкіндігі бар және қоршаған орта жағдайына бейімделе алмайды, сол үшін қалыпты жағдайға бейімделу мақсатында арнайы бағытталған жабдық қажет етіледі. Сонымен қатар аталмыш робот құрылымы мен қайта баптауды жеңілдету үшін қатаң бағдарламамен жұмыс істейді.
2 - кезеңді роботтар