Лейбниц 4 топқа жіктейді:
1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар);
2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие;
3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие;
4.Жоғарғы монада – Құдай.
Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология (таным философиясы) болды. Лейбниц эмпиризм мен рационализмді келісімге келтіру мәселесін былай шешті:
1.Барлық білімді екі түрге: «ақыл ақиқатына», «акт ақиқатына» бөлді,
2.«ақыл ақиқаттары» ақылдан тарайды, логикалық тұрғыдан дәлелденеді, қажетті және жалпы сипатқа ие;
3.«факт ақиқаттары» - эмпириялық (тәжірибелік) жолмен алынған білімдер (мысалы, магнит тартылысы, судың қайнау температурасы, түрлі металдардың балқу температурасы); әдетте ондай білімдер фактіні атағаны, нақтылағаны болмаса, себептерін түсіндірмейді және болжамдық сипатта;
4.Тәжірибелік (эмпириялық, «факт ақиқаттары») тәжірибелі білім «ақыл ақиқаттары» сияқты емес, болжамдық сипатта болғанымен, оны білім ретінде ескермеуге болмайды.
Осылайша, таным не рационалды не тәжірибелік болып білімнің бір түрімен ғана шектелмей, оның екі түрін де қажет етеді және олардың бірі – рационалды (ақыл негізінде алынған) – шын білім де, ал екіншісі – эмпириялық (тәжірибеге негізделген) болжамдық сипаттағы білім.
Достарыңызбен бөлісу: |