Қазақ тілі мен әдебиеті 101-топ Сақтапбергенова Балқия Байғаниқызы Тапсырма



Дата24.04.2022
өлшемі18,89 Kb.
#32062
Байланысты:
социология1


101-топ

Сақтапбергенова Балқия Байғаниқызы

  • Тапсырма

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі, құрылымы. Қоғам, әлеуметтік қатынастар мен институттар ұғымдары. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану. Орта деңгей әлеуметтанымдық теориялары. Әлеуметтанудың міндеттері: методологиялық, танымдық, сипаттамалық, болжамдық, жалпымәдениеттік.

  • Әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуы. Әлеуметтану (франц., sociologie – қоғам туралы ілім) – бұл біртұтас жүйе ретіндегі қоғам мен олардың тұтас қоғаммен байланысын қарастыратын жекелеген әлеуметтік тәртіптер, үдерістер мен топтар туралы ғылым

Әлеуметтану дербес ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты. Оның негізін салушы француз философ-позитившілі Огюст Конт (1799-1857) болып есептеледі. Өзінің 1830 жылдан бастап 1842 жылға дейінгі кезеңде жарияланған, әйгілі бес томдық «Позитивті философиясында» Конт бес ғылымды: астрономияны, физиканы, химияны, физиолгоияны (биологияны) және әлеуметтік физиканы немесе әлеуметтануды қарастырды.

  • Әлеуметтік институттар түрлері. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді. Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй. Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырад

Әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

    • бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

    • қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

    • тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

    • білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар)

    • - рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

  • Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді

Қолданбалы әлеуметтану. Қолданбалы социология – социология ғылымының бір саласы. Ол ғылыми теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты қолданбалы социология әлеуметтік технология, әлеуметтік гигиена, әлеуметтік терапия секілді ғылым салаларымен ұштасады.

Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді

  • Орта Деңгей Теориясы - ортақтық деңгейі бойынша теоретикалық және эмпирикалық зерттеулер арасында орналасқан және әлеуметтанудың белтілі бір бөліктері шекарасына олардың арасындағы өзара байланысын камтамасыз ететін әлеуметтану теориялары

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:

1)теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;

2)әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;

4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет