ақпараттық – өзіндік танымдық қызметі немесе өмір оқу қабілеті;
коммуникативтік – ауызша, жазбаша, қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдеріндегі өнімді қарым-қатынас;
әлеуметтік – әлеуметтік әрекеттестікке қабілеттілік;
тұлғалық – өз бетімен ұйымдастыру, өзін өзі жетілдіру, өмірдегі және кәсіби орнын анықтау, өзін іс жүзіне көрсету, толерантты болу;
азаматтық – қазақстандық өзіндік сана мен мәдени сәйкестік негізінде өз отаны үшін жауапты болуға қабілеттілік;
технологиялық – технологияларды, соның ішінде ғылыми, сандық технологияларды тиімді қолданушы деңгейінде қолдану.
Негізгі принциптері:
өлшемділік – мазмұнды бақылау және бағалау оқушылармен бірге әзірленген негізде құрылады, критерийлері барынша нақты болуы тиіс;
өзіндік бағалау артықшылығы – оқушының өзіндік бағалауы мұғалімнің бағасының алдында жүзеге асырылуы тиіс, оқушылардың екі өзіндік бағалауын салыстыру қолданылады, олар: болжамалы (алдағы жұмысты бағалау) және ретроспективті (орындалған жұмысты бағалау);
икемділігі және вариативтілігі – мазмұнды бақылау және бағалау оқу нәтижелілігін зерттеудің әртүрлі рәсімдері мен әдістерін қолдануды болжайды; оқу қызметінің жеке, сонымен қатар топтық, ұжымдық нәтижелерін зерттеу;
бақылау және бағалау үдерісінің шынайылығы – оқушылар үшін шынайы, күйзеліс пен жүктемені төмендететін жағдайда өткіщіледі; оқушылардың оқу-танымдық қызметінің сипаттамасына қарапайым жағдайдағы олардың оқу қызметін бақылау нәтижелері енгізіледі.
Бағалау жүйесін жаңарту бағыттары
: бақылау-бағалау механизмдерін мұғалімнен оқушыларға біртіндеп жеткізу; констатациялаушы бақылаудан бақылаушы, процессуалды бақылауға көшу; оқушылардың жоспарлы нәтижелерді меңгеруі туралы алынған ақпараттың негізінде білім сапасын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді «кері байланысты» қамтамасыз ету..