Орындаған: Жолдыбай Г. Рахматулла А, Жиенбаева М. Қабылдаған


Амандасу, сәлемдесу, есендесу



бет9/11
Дата15.04.2023
өлшемі42,17 Kb.
#83042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дыбыс-сес, қозғалу етістіктері

Амандасу, сәлемдесу, есендесу. Кездескен кезде амандық білісу, сәлем алысу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 55 -бет]
Дауласу, таласу, тартысу, ұрысу, керісу, керілдесу, салгыласу, шәлкемдесу, қырқысу, қырылысу, сілкілесу, қарсыласу, тәжікелесу, шатақтасу, жанжалдасу, шанқылдасу, қаржасу, екілесу. Бір мәселе жайында біреумен біреу сөзге келісу, ерегісу, байланысу. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 177 -бет]
3. Сұрау-жауап мәнді сөйлесу етістіктері: сұрау, сұрастыру, хабар салу, іздеу, тергеу, жауап беру т. б.
Сұрау,қалау, тілеу, қолқалау. Бір істің сәті түсіп орындалуын қажет ету, өтіну. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 326-бет]
Іздену, тімтіну, шұқыну сөйл. Бір нәрсені білуге талпыну, талап- ману, тырысу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 613 -бет]
Тексеру,тергеу,байқау. Бір нәрсенің егжей-тегжейіне жетіп білу, анықтау.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 523 -бет]
4. Көңіл-күйге байланысты қолданылатын сөйлеу етістіктері: мысқылдау, келекелеу, келеке ету, мазақ қылу, мазақтау, қарғау, балағаттау, сөгу, мақтау,жамандау, мадақтау, жер мен көкке сиғызбау т. б.
Мазақтау, ажуалау, келемеждеу, келекелеу, тәл- кектеу, сайқымазақтау, сықақтау, кекесіндеу, кекету. Біреудің қытығына, намысына тиіп, сөзбен қағыту, мұқату, шенеу, түйреу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 386-бет]
Қарғау, лағынеттеу, нәлеттеу, қарғыстау, қарғап-сілеу. Жек көрген адамды балағаттап сөгу, тілдеу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 337 -бет]
Балағаттау,тілдеу, былапыттау, сыбау, боқтау. Біреудін тугін қалдырмай тіл тигізу, жер-жебіріне жетіп ұрсу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 119 -бет]
Кінәлау, айыптау, кінәраттау, мінеу, жазгыру,сөгу, жазалау, қустаналау, қаралау, жазықтау, жауаптау. Айып тағу, жауапқа тарту, қылмысты деп тауып, жаза кесу, біреудің кемшілік-мінін айтып мойнына қою, сынау.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 310 -бет]
Өсектеу, жамандау,даттау, пыш-пыштау, ғайбаттау. Біреуді сырттай сөз қылып өсек айту, сөз тасу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 437-бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет