Орындаған: Жолдыбай Г. Рахматулла А, Жиенбаева М. Қабылдаған



бет1/11
Дата15.04.2023
өлшемі42,17 Kb.
#83042
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дыбыс-сес, қозғалу етістіктері


Орындаған: Жолдыбай Г.
Рахматулла А, Жиенбаева М.
Қабылдаған: Б.Қасым


Етістік категориясының жіктелуі және етістікті синонимдер
Етістік – сөз таптарының ішінде құрамы мен өзіндік грамматикалық жүйесі күрделі, грамматикалық категорияға бай сөз табы, оның грамматикалық ерекшеліктерін анықтаудың артықтылығы туралы дат ғалымы О. Есперсен «Етістік сөйлемге жан бітіреді, сондықтан да ол сөйлем құрылысы үшін маңызды»- деген еді. Ғалымның айтқанынан табиғаттағы сан-салалы құбылыстар мен заттардың қимыл-қозғалысын таңбалаушы, кез келген әрекетті бейнелі сөзбен жеткізуші – етістіктердің тіл үшін, яғни адамдардың қарым-қатынаста бірін-бірі түсіну, ұғыну үшін зор мәні бар екені еш күмән келтірмейді.
Қандай сөз табының болмасын лексика-грамматикалық, семантикалық сипаты, біріншіден, бір сөз табына жататын сөздердің жалпы грамматикалық мағынасына байланысты белгілі бір топ құрауына, екіншіден, таза грамматикалық түрлену жүйесінің болуына, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемде атқаратын қызметі негізге алыну арқылы анықталады. Етістікке қазақ тіл білімінде алғаш термин ретінде мән беріп, жүйелі түсіндірген ғалым - Ахмет Байтұрсынов. Етістік қимыл ұғымын, оның жалпы мағынасын білдіретіндігі жағынан басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Етістіктің қимыл атауы, есімше,көсемше, салт, сабақты етістік сияқты түрге бөлінуі оның грамматикалық жағынан да, мағыналарының алуан түрлілігімен ерекшелендіретін белгілер.
Етістік семантикалық мағынасы жағынан ерекшелігі мол сөз табы. Өйткені етістіктің жалпы қимыл мағынасы заттың кимыл әрекетін жасаушы қимыл иесі мен қимылға түсетін нысанның қатысына орай туындайтын мағына. Қазақ тіліндегі барлық лексикалық мағыналы түбір етістіктердің бәрінде осы ерекшелікке байланысты салттылық және сабақтылық мән болады
Қазақ тіл білімінде етістікті зерттеген ғалымдар:
Дегенмен, қазақ ғалымдарының еңбектерінде бұл мəселе мүлде ескерусіз қалған жоқ. Семантика теориясы мен тарихи семасиология мəселелері Ə.Қайдар, Е.Қажыбеков, М.Оразов, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, Б.Қасым, Ш.Жалмаханов еңбектерімен байланысты. Б.Сағындықұлы «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» деп аталатын еңбегінде сөздердің мағыналық дамуын диахронды əдіспен зерттей отырып, силлобофонема (түбіртек) теориясының негізін салды. Б.Қалиев пен А.Жылқыбаева «Сөз мағыналарының негіздері» атты еңбектерінде мағынаға қатысты жалпы ұғымдардың барлығын санамалап көрсетіп, жеке-жеке нақты түсініктер береді. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, ұғым мен мағына сияқты түсініктердің арақатынасын ашып көрсетеді. Сондай-ақ сөз мағыналарының түрлерін жəне құрылымын анықтайды. Ғ.Хасанов «Сөздің лексикалық мағынасының құрылымы» деп аталатын кандидаттық диссертациясында қазақ тіл біліміндегі сөз мағынасының зерттелуін шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсеткен. Ал қазақ тіліндегі сын есім семантикасы Б.Омар, Ə.Ақкөзов сынды ғалымдардың диссертациялық жұмыстарының зерттеу нысаны болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет