Дыбыстар
- Жуан: а,о,ұ,ы,у
- Жіңішке:ә,ө,ү,і,е,и,у,э
Тілдің қатысына қарй
- Ашық: а,ә,о,ө,е,э
- Қысаң:ы,і,и,у,ү,ұ
Жақтың қатысына қарай
- Еріндік:о,ө,ұ,ү,у
- Езулік: а,ә,е, ы,і,и,э
Еріннің қатысына қарай
Ұяң
Үнді
- қ,к,п,с,т,ф,х,ч,ц,ш,щ
Қатаң
- Дыбыс –сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып,естілетін тілдік құбылыс. Қазақ тілінде дыбыс саны -37.
- Әріп –дыбысты таңбалау үшін алынған белгі. 42 әріп бар:
а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ё,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ь,ы,і,ъ,э,ю,я.
- Фонема (грек, дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, ягни дыбыс типі.
- ТРАНСКРИПЦИЯ (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция екіге бөлінеді:
Фонемат.
Транскрипция сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады, дыбыстар сөздің айтылуына жуықтап беріледі. Мысалы, ору [орұу], қи [қый], шикі [шійкі].
Фонет.
Транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі: қазан қап [Қазаңғап], ортан бел [ортамбел], сейсенбі [сейсембі].
- Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады. Дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді, айтылуы қиын дыбыстар мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады. Сөйтіп, тіліміздің икемділігі мен қолданылуын жеңілдетеді .
- Дыбыстық құбылыстар –сөз құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер айтамыз.
- Буын –сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады. Сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |